«Функционалдық сауаттылық – білім беру сапасының көрсеткіші» жаратылыстану-математикалық цикл және бастауыш сынып пәндері



Pdf көрінісі
бет56/131
Дата27.01.2023
өлшемі3,39 Mb.
#63298
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   131
 
Список использованной литературы 
 
1.Core Physics/ Bryan Miller, Jean Martin, John Mills - Cambridge University 
Press, 1999
2.Тексты по специальности «Физика» для чтения на английском языке/
Болдак И.А. и др 1999 - 62с 
3. Лаптева Т. Некоторые аспекты использования методики CLIL при 
обучении иностранным языкам [Электронный ресурс]/Лаптева Т. - Режим 
доступа: http://cyberleninka.ru/artide/n7nekotorye-aspekty-ispolzovaniya-metodiki-
clil-pri- obuchenii-inostrannym-yazykam 
4. Методические рекомендации по итогам мониторинга качества знаний 
обучающихся по предметам ЕМН на английском языке и на языках обучения 
(казахский и русский языки). – Нур-Султан: НАО им. И. Алтынсарина, 2019. – 
346с. 


123 
ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ САБАҚТА 
ДАМЫТУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ МЕН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ 
Павлодар қ. ХББ НЗМ 
физика пәні мұғалімі: Муғраж Мөлдір 
Аннотация: Баяндамада функционалдық сауатттылық және оның түрлері 
бойынша түйінді ақпараттар беріледі. Функционалдық сауаттылықты сабақта 
дамутың маңыздылығы мен қалыптастыру жолдары қарастырылады. 
Кілтті сөздер: функционалдық сауаттылық, дағды, пиза 
Функционалдық сауаттылық дегеніміз – адамдардың әлеуметтік, мәдени, 
саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі 
жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның 
мамандығына, жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Мектеп 
оқушыларының функционалдық сауаттылығы дегеніміз – оқушының пәнді 
терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез келген 
жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.
Тұлғаның ең басты функциялық сапалары:
белсенділік;
шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім
қабылдай алу; 
кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік;
өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады.
Ал бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады.
Функционалдық сауаттылық бойынша PISA халықаралық зерттеуіндеғі 
барлық сұрақтар мен тапсырмалар жалпы үш топқа бөлінеді:
«Қалай білуге болады?» – бұл тапсырмалар тану әдістерін 
қолдануға арналған.
«Түсіндіріп көр» – құбылыстар мен фактілерді түсіндіруге 
арналған.
Пайымдау – берілген деректердің көмегімен қорытынды 
құрастыруға арналған тапсырмалар. 
Физика сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығы мен оқу 
мақсатына жетуін қалай ұйымдастыруға болады? Осы бойынша тапсырмалар 
үлгілеріне тоқталып өтейін. Жаңа тақырыпқа енуді төмендегі сұрақтар арқылы 
шығуға болады.
Бөтелке ішіндегі жұмыртқа 
Тәжірибені өткізу жолы:
кең ауызды бөтелкенің аузына сұйық май жағамыз;
қағазды жағып, бөтелкенің ішіне жылдам саламыз
қабығынан аршылған тауықтың піскен жұмыртқасын
бөтелкенің аузына қоямыз (жұмыртқа бөтелкенің аузынан 
әлдеқайда үлкен болуы тиіс);


124 
жанып жатқан қағаз бір секундтан кейін сөніп қалады, ал жұмыртқа 
белгісіз ғажайып тәсілмен бөтелкенің ішіне түседі.
Тәжірибенің нәтижесін түсіндіріңіздер. Неліктен?
Мағынаны тану кезеңі
Көпшілік елдерде іштегі ұрықтың (дамып келе жатқан баланың) 
суреттемесін ультрадыбыс (эхография) арқылы алуға болады. Ультрадыбыс ана 
мен балаға қауіпсіз деп есептеледі. Дәрігер хабар бергіш тетікті ананың ішінің 
үстінен жүргізіп отырады. Ультрадыбыс толқындары ішкі қабатқа өтеді. Ішкі 
құрылыстан толқындар ұрықтың сыртына келеді. Жеткен толқындар кейін 
қарай тетікке беріледі, тетік арқылы қондырғыға жетеді де, ұрықтың суреті 
шығады 
Сұрақ. Ұрықтың суреті сонымен қатар рентген сәулелерінің көмегімен 
алуға болады. Алайда әйелдерге жүкті кезінде рентген сәулелерімен ішкі 
құрылысты зерттеуге кеңес берілмейді. Қандай себептен әйелдерге жүкті 
кезінде рентген сәулелерімен ішкі құрылысты зерттеуге кеңес берілмейді?
Сұрақ: Болашақ анаға ультрадыбыс зерттеуі келесі сұрақтарға жауап бере 
ала ма? «Иә» немесе «Жоқ»
Иә / Жоқ
Бір бала ма немесе бірнеше ме?
Баланың көзінің түсі қандай?
Бала көлем жағынан дұрыс па?
Бекіту тапсырмалары. Көліктің дөңгелегі қаңылтыр банканы басып өтіп
оны толығымен мыжып тастады.
Сұрақ. Қаңылтыр банканың атомдары туралы төмендегі тұжырымдардың 
қайсысы дұрыс?
A. 
Атомдардың бөлінуі болды; 
B. 
Атомдар тегістелді 
C. 
Атомдар өзгерген жоқ.
D. 
Атомдар басқа атомдарға айналды.
E. 
Суретте ішіне салынған электр қоңырауы бар шыны ыдыс 
бейнеленген. Электр қоңырауын қосқан кезде оның шырылдаған дауысын 
естуге болады.
F. 
Вакуум сорғыштың көмегімен шыны ыдыстың ішіндегі ауа 
сорылады.
G. 
Сұрақ: шыны ыдыстың ішіндегі ауаны сорып алғаннан кейін, 
электр қоңырауының дыбысы естіле ме? Өз жауабыңызды түсіндіріңіз.
Темір жолдарға металл рельстерді салғанда олардың қосылатын 
жерлеріне саңылаулар қалдырылады. Неліктен?
Төменде берілген жауаптардың қайсысы дұрыс?
А. Металл рельстер ыстық күндері ұлғаяды.
В. Металл рельстер суық күндері ұлғаяды.
С. Металл рельстер саңылауларының арасындағы ауаның көмегімен суық 
күйге ауысады.


125 
D. Пойыздар жүрген кезде металл рельстер тербеліске ұшырайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет