Бағдарламасы бойынша жарық көрді



Pdf көрінісі
бет4/60
Дата28.01.2023
өлшемі1,31 Mb.
#63408
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60
тегі, шешендік сөздер жатса, өлең үлгісіндегі фольклордың 
жанр лары болып жыр, тақпақ, қара өлең, айтыс, мақал­
мәтелдер саналады.
Ескеретін нәрсе: бұл жерде жанрды біз кең ұғымда алуымыз 
керек. Әдебиет теориясында жанрды түр мағынасында қолда­
нып жүргені сияқты, біз де фольклордың тектерін бірден 
жанр ға бөлген дұрыс деп ойлаймыз. Жанр – тек типологиялық 
қана ұғым емес, ол – әрі тарихи ұғым, құбылыс, категория. 
Сондықтан жанрды зерттеу үшін оның қашан, қай дәуірде 
пайда болғанын анықтау маңызды. Өйтпеген жағдайда зерттеп 
отырған жанрдың жанрлар арасындағы ролі мен орнын, ма­
ңызын ашу, сондай­ақ оның өзіндік қасиеттерін анықтау оңай 
емес. 
Соңғы кездері ғылымда «жүйелі зерттеу» («системное изу­
чение») әдісі кең жайылуына байланысты жанрларды зерт­
теу ісінде жанр туғызатын факторларды анықтауға, жанрдың 
құрылысын, ондағы тұрақты белгілерді айқындауға бетбұрыс 
байқалады. Осыған байланысты жанрлар теориясына жал­
пы
философиялық қағидалар да әсер ете бастады. Соның 
нә 
тижесі ретінде жанрда тұрақты және өзгермелі құбы 
лыс­
тар бар деп танитын еңбектер жарық көрді. Тұрақты құбы­
лыстарға құрылымдағы элементтердің өрілу тәсілдері, олар­
дың ұйымдасуы жатады, ал өзгермелі құбылыстар болып 
шығар маның бейнелеу предметі, мазмұндық негізі саналады. 
Негізінен алғанда, бұл пікір жаңсақ емес, тек біраз анықтай 
түсуді қажет етеді. Сөз жоқ, әр жанрдың қалыптасқан, тұ­
рақталған белгілері болады. Ол көп жағдайда шығарманың ком­
позициясында, сюжеттік құрылымында, баяндау формасы мен 
көркемдеу құралдарында сақталады. Егер жанрдың тұрақты 
белгілері болмаса, оны жеке жанр етіп бөліп алу мүмкін болмас 
еді. «Жанр» деген ұғым бір топ шығармаға тән, ортақ белгілерді 


[
23
]
қамтиды. Әрбір нақты шығармада жалқы (единичное) қашан 
болса да жалпымен (общее) белгіленіп, айқындалып отырады. 
Бұл тұрғыдан келгенде, әрбір шығарманың өз қыры мен сыры 
болады. Шығарманың қыры мен сыры оны бір топ шығармаға 
ортақ қасиеттерге не жақындатады, не олардан алшақтатады. 
Яғни белгілі бір жанрдың құрамына кіргізеді. Мысалы, бір 
шығарманы ертегі деп атағанда, біз ең алдымен оны ертегі 
жанрының табиғатымен, ерекшелігімен салыстырамыз. Бас қа­
ша айтқанда, ертегі жанрына тән композициялық, сю жеттік, 
көркемдік бейнелеу тәсілдерді іздейміз. Себебі бұлар – 
жанрдың тұрақты белгілері.
Сонда кейбір ертегі айтылған қағидаға сай келсе, қайсыбі­
реулері жартылай, үшіншісі бірнеше жанрдың белгісін бойына 
сіңіруі ғажап емес. Егер оның үшеуінде де ертегі жанрына тән 
белгілер басым болса, бұл үшеуі де ертегі деп саналып, ертегі 
жан рына жатады.
Жанр – тарихи категория. Ол әр дәуірде, әр кезеңде әртүр­
лі өзгерістерге ұшырап отырады. Бұл туралы болгар ғалымы 
Ц. Тодоров былай деп жазады: «Жанрды» тұрақты бел 
­
гілері әр дәуірге сәйкес өзгеріп, көптеген қосымша сипат қа­
былдайды. Бірақ, ол сипат аса маңызды деп танылмайды, 
сон 
дықтан шығарманы белгілі бір жанрға саралауда оның 
айтарлықтай әсері болмайды. Сол себепті тарихтың әр тұсында 
бір шығарманың өзі әр қилы жанр болып есептелуі мүмкін. 
Мұндай жағдайда басты роль атқаратын нәрсе – шығарма 
құрылымының (табиғатының) қай белгілері мәндірек деп 
саналуында. Мысалы, антика заманында «Одиссеяны» «эпо­
пея» жанрына жатқызған болса, біздің уақытымызда оны «жыр» 
жанрына яки «мифологиялық жыр» жанрына жат 
қызып 
жүр»
19
.
Шынында да, осы күні фольклорлық деп саналып жүрген 
көп 
теген шығарма көне заманда, әйтпесе орта ғасырда та­
рих немесе жылнама ретінде танылып жүрген. Мысалы, көне 
түркілердің Орхон­Енисей бойынан табылған жазба шығар­
малары әр түрлі жанрға жатады. Олар өз дәуірінде, мүмкін, 
салтанатты мақтау мен арнау үлгісіндегі шығармалар болған 
болар. Сол сияқты орта ғасырда шын болған тарих деп есеп­


[
24
]
телінген пайғамбарлар мен әулиелер туралы әңгімелер біздің 
кезде фольклорлық хикаят жанрына жатқызылып жүр.
Фольклордың кейбір ескі жанрлары өзінің айтарлықтай бір­
келкілігі мен тұрақтылығына қарамастан өмірге, дәуірге сәй­
кес түр­сипатын өзгертеді. Өзгеру барысында олар мазмұ нын 
ғана жаңартпайды, сондай­ақ келбетін де өзгеріске ұшыратады. 
Мысалға, қазақ тойында айтылатын «Жар­жар» өлеңін алсақ 
та болады. Бұл өлең осы күнгі тойларда шырқалады. Бірақ ол 
бұрынғы мазмұнынан айрылған. Егер бұрын «жар­жардың» 
мазмұны қайғылы, өкінішке толы болса, қазіргі «жар­жардың» 
мазмұны керісінше. Онда той қуанышы мен салтанаты, жастар 
бақыты жырланады. Сонымен бірге «жар­жар» өлеңінің ай­
тылу формасы да (яғни мәнері) өзгерді. Бұрын «жар­жарды» 
қыз ұзатылатын ауылда хор, диалог түрінде айтатын­ды. Біз­
дің заманымызда «жар­жарды» жігіт жағы жасайтын той 
үстінде жиналған топ бір хор болып айтады.
Сонымен, жанр дегеніміз не? Жанр дегеніміз – оқиғаны, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет