23
ережесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрінің 2010 жылғы 28 қыркүйектегі № 468 бұйрығына сәйкес жүзеге
асырылады.
Білім беру органдарының есептік деректеріне сәйкес республиканың жалпы
білім беретін ұйымдарында басқа елдерден келген
20 655 бала білім алуда (2012
ж. – 14 374 бала).
Көшіп-қонушылар балаларының көпшілігі Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан,
Алматы, Маңғыстау, Жамбыл облыстары мен Алматы қаласындағы мектептерде
оқиды.
Бұдан
басқа,
республиканың
жалпы
білім беру
ұйымдарында
оралмандардың
11 546 баласы (2012 ж. – 14 950) оқиды. Оның ішінде: бастауыш
мектепте – 4 734, негізгі мектепте – 5 306, жалпы білім беретін мектептің жоғары
буынында – 1503 оқиды, 3-еуі – бала кезінін мүгедек.
Алматы – 3 218, Шығыс Қазақстан – 1 809, Жамбыл – 1 689, Оңтүстік
Қазақстан – 1 527, Ақтөбе облыстарында – 1 078 оралмандардың оқитын
балаларының саны көп.
Облыстық, Астана және Алматы қалаларының білім басқармаларының
деректеріне сүйенсек, 3 мүгедек баладан басқа барлық бала (11543 бала) оқумен
қамтылған.
Республикада аз ұлттар үшін ана тілін үйренуге жағдай жасалған.
Республиканың білім беру ұйымдарында негізгі ережелердің бірі орындалады: аз
ұлттардың ана тілін үйренудегі құқықтарын іске асыру.
Білім және ғылым министрлігінің деректері бойынша 2013/2014 оқу
жылында республикада мынадай мектептер жұмыс істейді:
өзбек тілінде оқытатын
57 (2012 жылы – 60);
ұйғыр тілінде оқытатын
14 (2012 жылы – 14);
тәжік тілінде оқытатын
2 (2012 жылы – 2).
Өзбек тілінде 78 325 оқушы білім алады (2012 жылы – 77 082).
Ұйғыр тілінде – 14 396 (2012 жылы – 14 364).
Тәжік тілінде – 4 834 (2012 жылы – 3 893).
Аралас мектептердің саны мынадай: өзбек тілінде оқытатын сыныптары бар
– 91 (2012 жылы – 79), ұйғыр тілінде оқытатын – 48 (2012 жылы – 49), тәжік
тілінде – 9 (2012 жылы – 10).
Достарыңызбен бөлісу: