26
Әлемдік
тәжірибеде
спорт секцияларымен оқушылардың
80%-дан
астамы қамтылған. Қазақстан Республикасында бұл көрсеткіш ұдайы 1-2%-ға
өсіп тұрады.
Мектептерде дене шынықтыру сабақтарын
25622 педагог жүргізеді (2012
жылы - 20 961), оның ішінде олардың 24074-нде арнайы білім бар, яғни, 94%
педагогтар (2012 жылы - 20 203, яғни 97%).
«Қазақстан Республикасындағы халықтың дене тәрбиесi даярлығының
Президенттiк сынамалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996
жылғы 24 маусымдағы № 774 қаулысына сәйкес республикада дене шынықтыру
және спорт құралдары арқылы республика тұрғындарын сауықтыру, халықтың
барық топтары мен әлеуметтік санаттарын спортпен айналысуға, салауатты өмір
салтына бейімдеу негіздері ретінде Президенттiк сынамаларды енгізу жөніндегі
жұмыс жалғасуда.
2013 жылғы 20 сәуір – 20 мамыр аралығында республикада «Қазақстан
Республикасындағы халықтың дене тәрбиесi даярлығының Президенттiк
сынамалары» нормативтерін қабылдау бойынша республикалық айлық өткізілді.
Ережеге сәйкес норматив тапсыруға 5, 9, 11 сыныптардың оқушылары, 18 – 23
жас және 24 жастан жоғары топтар бойынша тұрғындар қатысты.
Ағымдағы жылы республикада Президенттік сынамаларды тапсыруға 2 576
769 адам қатысты, бұл 2012 жылға қарағанда, 195 272 адамға немесе 7,6 %-ға көп.
Олардың ішінен Президенттік деңгейге тапсырғаны 63 463 адам, бұл 2012 жылға
қарағанда 4 296 адамға немесе 7 %-ға аз.
Достарыңызбен бөлісу: