67
шығармаларда басқа семиотикалық жүйеге жататын реалды мәтіндер
суреттеліп, сипатталып, оларға кейіпкерлердің реакциясы арқылы ол
туындының семантикасы, модальділігі айқындалып, нақтыланады. Қаламгер
шығарманың мазмұндық-концептуалды ақпарын басқа кодтағы мәтін арқылы
толықтырып, оқырман интерпретациясына бағыт сілтейді. Әдетте живопись,
музыка, скульптура, кинематография саласына жататын мұндай мәтіндер
мәдени қауымдастықтың мүшелеріне әр түрлі деңгейде таныс болады.
Сондықтан да сол мәтін орнына қолданылатын фрагмент оның таңбасы ретінде
өзі кіргізіліп отырған мәтіннің семантикасын түзуге ықпал етеді. Айта кету
керек, қазақ қаламгерлері Айвазовскийдің «Тоғызыншы вал» картинасы
арқылы
әлеуметтік-мәдени
ортада
қалыптасқан
ассоциацияны
өз
шығармаларында түрлі мақсатта пайдаланады (Қ. Жұмаділов – «Көкейкесті»,
Ж. Елшібек – «Қош бол, теңіз!»).
Музыкалық шығармалармен байланысты синкретті интертекстуалдылық
әр қилы көрінеді. Қайсыбір көркем туындыда, зерттеушілер көрсетіп
жүргендей [8, 55], музыканың семантикасы вербалданып, сол музыканы тыңдап
отырған адамның реакциясы, қатысы, пікірі суреттеліп, көркем мәтін
кейіпкерін мінездеуші, даралаушы қызмет атқарады да, жалпы алғанда мәтін
модальділігін түзуге жәрдемдеседі:
«Осы мезетте Тоқсаба «Қара жорғаны»
Достарыңызбен бөлісу: