Оқулық Алматы 2005 ббк 74. 00



Pdf көрінісі
бет126/159
Дата30.01.2023
өлшемі1,41 Mb.
#63890
түріОқулық
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   159
Байланысты:
Бабаев С. Б., О албек Ж. К

қайталау керек. 
Жаттығулар жүйесін жоспарлауда тəрбиеші ең алдымен өз 
тəрбиеленушілеріне қандай дағдылар мен əдеттерді қалыптастыруы 
қажет болатынын ойластырып алғаны жөн. Жаттығулардың көзделген 
қылық-əрекетке сəйкес болуы (адекватность) – əдісінен баланың 
өмірлік қажетті, мəнді жəне пайдалы дағдылары мен əдеттері 
қалыптасады. Сондықтан жаттығулар қалай болса, солай ойдан 
шығарылмай, өмірден алынуы тиіс. Бірінші кезекте жалпы адамзаттық 
ізгілі сапалар тұрғызушы жаттығулар пайдаланылады. 
Тұрақты дағдылар мен əдеттер қалыптастыру үшін жаттығуларды 
мүмкін болғанша ерте жастан қолданған дұрыс. Жас организм қай 
əсерді де тез қабылдайды. Əдеттенген адам өз сезімін басқара біледі, 
құмарлықтарына тоқтау береді, өз ниеттерін басқалар мүдделерімен 
салыстырып, бағалай алады. ұстамдылық, өзіндік бақылау, ұқыптылық, 
тəртіптілік, қатынас мəдениеті – бəрі де тұрақтанған əдеттер негізінде 
туындайтын ізгілі адам сапалары. 
Жаттықтыру əдістерінің тиімділігіне себепші маңызды шарттардың 
бірі- біртұтас жаттығулар жүйесінің біртіндеп күрделеніп баруы. 
Кіші сынып оқушыларында мінез-құлық мəдениетін қалыптастыруда 
келесідей шамалап түзілген ілгерілі жаттығулар жоспарын ұсынуға 
болады. 
Гуманистік тəрбиеде де қатаң əдістер қолданылады. Бірақ əңгіме 
оны қалай пайдалануда. Осындай шешімді əдеттердің бірі – талап
Тəрбие барысындағы талап тəрбиеленуші əрекетінің ынталылығын 
көтеруге не оны тежеуге қажет талаптар тікелей не жанамалы болып 
келеді. Тікелей талап – анық, дəл, нақты. Жанамалы талапта 
əрекетке келтіретін талаптың (кеңес, өтініш, сенім, қолдау, құлақ-қағыс 
жəне т.б.) өзі емес, ал сол талаптан туындайтын психологиялық 
жағдаяттар: толғаныс, күйзеліс, мүдде, ұмтылыс. Жанама талаптар 
арасында аса көп қолданылатындары:
Кеңес-талап. Бала санасына ықпал жасаумен педагог қойған 
талаптың қажеттігін, пайдасын түсіндіреді. Мұндайда кеңестің 


қабылдануы не қабылданбауы педагог беделіне, оның оқушымен 
қатынасына тəуелді.
Ойын талап. Əрқандай талаптарды қою үшін тəжірибелі мұғалім 
баланың 
ойынға 
құштарлығын 
пайдаланады. 
Бала 
ойынды 
қызығушылықпен орындай жүріп, өзі байқамай талаптарды да 
қабылдайды. Бұл талап əдісінің өте ізгілікті жəне тиімді формасы, 
бірақ оны қолдануда аса жоғары педагогикалық шеберлік қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет