Оқулық Алматы 2005 ббк 74. 00



Pdf көрінісі
бет77/159
Дата30.01.2023
өлшемі1,41 Mb.
#63890
түріОқулық
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   159
Байланысты:
Бабаев С. Б., О албек Ж. К

Репетиторлық, əдетте, оқушыны емтихан жəне сынақ тапсыруға 
дайындаумен байланысты. 
Тьюторлық пен менторлық шет елдерде кең тараған жеке-дара 
оқыту формасы. Оқушының білім жолындағы іс-əрекетінің өнімділігін 
арттыруда өте пайдалы. Ментор немесе ұстаз –оқушы кеңесшісі, 
оқылып жатқан пəн мазмұнына даралық сипат береді, тапсырмалар 
орындауға жəрдемдеседі, тұрмысқа бейімделуге көмек көрсетеді. 
Тьютор-оқушыға ғылыми жетекшілік жасап, оны конференцияларға, 
ғылыми іс-шараларға дайындайды. 
Соңғы кездерде отбасылық оқу-тəрбие формасы - гувернерлық 
қайта жаңғыруда.
Ғылыми білімдердің дамуы мен білім аймағына көпшілік қауымның 
тартылуымен жеке-дара оқыту жүйесі даралықты-топтық оқыту 
формасымен ауысуда. Мұндай оқытуда мұғалім балалардың бүтін бір 
тобымен оқу жұмысын алып барады, бірақ дəріс жеке оқушымен 
жұмыс сипатын жоймайды. Мұғалім дайындығы əр деңгейлі, əр 
жастағы 10-15 баламен шұғылданады. Ол кезегімен əр оқушыдан 
өтілген материалды сұрастырып, əрқайсысына жаңа оқу материалын 
жеке түсіндіріп, дара тапсырмалар беріп отырады. Балалардың бəрі 
бірдей, мұғалім пайымдауынша, дəріске байланысты ғылым негізін, кəсіп 
не өнерге тиесілі материалды меңгергенше аталған оқу жұмыстары 
қайталанады. Дəрістің басталуы мен аяқталуы, оқу мерзімі əр оқушы 
үшін даралықты сипатымен ерекшеленеді. Осыдан оқушы мектепке 
оқу жылының өзі қалаған мерзімінде, күннің өзі таңдаған мезетінде 
келуге құқылы болды.
Даралықты-топтық оқу əрқандай өзгерістерге ұшырап, біздің 
заманымызға дейін сақталып келді. Ауылдық жердегі оқушы саны өте 
аз бастауыш мектептер мұның айғағы. Бір оқу бөлмесінде бірінші 
сынып бағдарламасымен оқитын 2-3 бала, бірнешесі-екінші сынып 
материалын игеріп жатқан оқушылар отыруы мүмкін. 
Орта ғасырларда қоғамның əлеуметтік-экономикалық ілгерілі 
дамуына байланысты білімді тұлғалардың көптеп қажет болуынан 
білімдену аймағы өрістей кеңіді. Бір қатар жастағы балаларды бір
топқа біріктіре оқыту мүмкіндігі туындады. Осыдан оқудың сынып-
сабақтық жүйесі пайда болды. Бұл жүйе XVI ғ. Белорусия мен 
Украина мектептерінде қалыптасып, өзінің теориялық негіздемесін 
XVIІ ғ. Ян Амос Коменскийдің “Ұлы дидактика” кітабында тапты.
Бұл жұйенің сыныптық белгісі-белгілі бекіген құрамды, теңдей 
жастағы балалар тобының (сыныбының) болуы. Сабақтық аталуы-оқу 
процесі қатаң белгіленген уақыт аралығында – дəрісте өткізілуінен.
Сабақ теориясына Я.А. Коменский дəуірінен кейінгі кезеңде елеулі 
үлес қосқан белгілі орыс педагогі К.Д. Ушинский болды.


Сынып-сабақтық жүйе барша елдерде кеңінен тарап, уақыт озуына 
қарамастан өзінің негізгі белгілерімен əлі күнге дейін сақталуда.
Алайда, XVIІІ ғ. соңына қарай сынып - сабақтық жүйе орнына 
қолданылғандай оқуды ұйымдастырудың жаңа формаларын іздестіру 
көбіне оқушылар санын ұлғайту жəне оқу процесін басқару 
проблемаларымен байланысты болды. 
Сынып-сабақтық 
жүйені 
реформалаудың 
алғашқы 
қадамын XVIІІ ғ. аяғында- XIХ ғ. басында ағылшын священнигі А. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет