Оқулық Алматы 2005 ббк 74. 00


Модульді оқу технологиясы



Pdf көрінісі
бет96/159
Дата30.01.2023
өлшемі1,41 Mb.
#63890
түріОқулық
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   159
Байланысты:
Бабаев С. Б., О албек Ж. К

Модульді оқу технологиясы АҚШ пен Батыс Еуропада 1960 
жылдары дəстүрлі оқуға балама ретінде ұсынылған білім игеру жүйесі. 
Бұл технологияның мəні - оқушы модульмен жұмыс орындау 
барысындағы нақты мақсатқа өз бетінше (не белгілі шамада мұғалім 
жəрдемімен) жетеді (П.Юцявичене, Т.И.Шамова). Модуль – мақсатқа 
орайластырылған оқу мазмұны мен оны меңгеру жолдарын 
(технологиясын) біріктірген түйін, топ (узел). 
Модуль құрамы: əрекеттің мақсаттық жоспары, ақпарат қоры, 
дидактикалық мақсатқа жетудің əдістемелік көрсетпелері. 
Бұл технологияға орай оқу мазмұны өз алдына белгілі жинақы 
құрамға келтірілген ақпараттық топ (блок) күйінде беріледі. Ол ақпарат 
оқу мазмұнының көлемін ғана емес, əдістері мен олардың игерілу 
деңгейін де көрсететін дидактикалық мақсатқа сəйкес меңгеріледі. 
Модульдік оқуда өзіндік жұмыстарға аса көп уақыт бөлінеді. Бұл 
оқушыға оқу əрекеттеріне кірісумен өз мүмкіндіктерін сезінуге, білім 
игеру деңгейін өзі анықтауына, өз білімдері мен ептіліктеріндегі 
кемшіліктерді байқауына жəрдемдеседі. 
Модульдік оқу дəстүрлі білім игеру жүйесімен байланыста 
пайдаланылуы 
мүмкін. 
Модульдер 
оқу 
жүйесінің 
қалаған 
ұйымдастырылу формасында орын тауып, оның сапасын жақсартуға 
жəне тиімділігін арттыруға қолданылуы ықтимал. 
Шоғырластырылған 
(концентрлі) 
оқу 
технологиясы 
педагогикада ежелден танымал пəнге шомдыру əдісіне негізделген 
(П.Блонский, В.Ф.Шаталов, М.П.Щетинин жəне т.б.). 
Бұл технология жақтастарының пікірі: оқудың дəстүрлі сынып-
сабақтық жүйесінде бағдарламалар мен оқулықтарға сəйкес берілетін 
оқу мазмұны бөлім, тақырып, параграфтарға бөлшектеніп, өз алдына 
шартты дербестенген ауқымда ұсынылады. Осыдан оқушылардың 
жеке пəндерден алатын білім, ептілік, дағдылары жай қалыптасады. 
Оқу проблемасының ұзаққа созылып өтілуінен, оқушылардың сабаққа 
болған қызығушылығы кемиді. Бір дəрістің екіншісінен алшақты 


болуынан бір сабақта қабылданған ақпарат келесіге дейін көбіне 
ұмытылады. 
Пəндердің тұрақты ауысып баруынан оқушы олардың бірде-біріне 
тереңдеп ене алмайды. Бір пəннен екіншісіне өтуде бала қиыншылық 
көреді, көп уақыт сарп етеді, ендігі сабақ өткендегіні көлеңкелейді, 
сонымен əр өткен сабақ өз құндылықтарын жойып барады. Əр дəріс 
оқушы үшін – жаңа жүктеме, мұғалімдердің жаңа талаптары, жаңа 
мазмұнды материал, жаңа көңіл-күй ықпалдары, т.с.с. осылардың 
баршасына сəйкес бала икемделіп, оқу іс-əрекеттерін орындауы шарт. 
Ал бұл енді қалыптасып жатқан жас буынға оңай шаруа емес. 
Шомдыру оқуында сабақтар топқа (блокқа) келтіріледі, бір күнге не 
аптаға межеленіп, қатар өтілетін пəндер саны кемітіледі. Мұндай 
технология оқу- оқыту процесін адам қабылдауының табиғи 
психологиялық ерекшеліктеріне жақындастыра түседі. Сабақта 
игерілген материалды ұмытудың алдын алу үшін оны бекіту 
жұмыстары сол күні жүргізілуі тиіс, яғни қандай да уақыт
аралығында оқушы басқаларына алаңдамай, тек сол пəнмен ғана 
шұғылданып, толық шомуы қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет