67
Айтыс II том
Көзімді алып,
Құдайым сөз беріпті,
Болсын деп жүрген жері күнде думан.
Зылиқа:
Жиын десе, Ноғайбай, жының бар ма,
Ел қыдырмай жүретін күнің бар ма?
Сал
жігіт салтанатты сен емессің,
Келісті, ел көретін түрің бар ма?
Ноғайбай:
Көзің соқыр демесең, мінім қайсы?
Соқыр көрсе, иектер жының қайсы?
Ел дария болғанда, біз –
қоңыр қаз,
Елсіз жерде көретін күнің қайсы?
Зылиқа:
Елге қонбас қоңыр қаз көл болмаса,
Естігеннің бәрі – ағат, көз болмаса.
Ел қолында сайраған мен бір бұлбұл,
Сөз бермейтін сыңар жақ кез болмаса.
Ноғайбай:
Есерсоқсың, Зылиқа,
той тойлаған,
Суық жүріс әдетің бір қоймаған.
Жол жағасы бір түп ши пана тапса,
Кім көрінген сүйрелеп, сор қайнаған.
Зылиқа:
Көзі соқыр, кейіпсіз түрі шұбар,
Кеудесінде жаны бар, тірі шығар.
Кім
екенін білмеймін, кез келіпті,
Өсек-аяң тергеннің бірі шығар.
Ноғайбай:
Асыл жасық болмайды кеміткенмен,
Есек жылқы болмайды семірткенмен.
Адам
болып келіп ең қай балшықтан,
Калай жүріп-тұрса ерік берген.
Зылиқа:
Адам болып келіп ең қай балшықтан,
Ауырғаның жоқ па еді айланшықтан?
68
Қазақ өнерінің антологиясы
Тіл-жағыңа сүйенбей,
жөніңді айтшы,
Адамсың біз білмейтін кайдан шыққан?
Ноғайбай:
Руым – Каракерей, шешем – Мұрын,
Жеті ата Жолымбетке төккен нұрын.
Батыры Каракерей ер Қабанбай,
Аталған кімнің аты одан бұрын...
* * *
1937
жылдың
мамыр
айында
Жамбыл
шығармашылығының 75 жылдығы тойланды ғой. Сол
тойға Қазақстанның әр
шалғайынан келер жезтаңдай
ақындар шақырылыпты. Мереке әуелінде Алматыда
өткізіліп, соңы Жамбыл ауылы – Ұзынағашта жалғасқан.
Мәжіліс үстінде Жамбыл: «Іштеріңде Ноғайбайдың әнін
білетіндерің бар ма?» – деп сұрапты. Еш ақын «Білемін»
демепті. Сонда Жәкең: «Апыр-ай! Осы жұрттың кем-
тарларды елемейтіні бар», – деп, реніш білдіріпті. –
Әйтпесе, қазақта Шөже мен Ноғайбайдан асқан бар ма
еді?» – деген екен тағы да Жәкең /Халық ақыны Қалихан
Алтынбаевтың естелігі. //Қабылұлы Б. Көңіл. 104-б./
Достарыңызбен бөлісу: