356
Қазақ өнерінің антологиясы
Бай менен жарлылықты теңдестіріп,
Нетесің
сөзге қосып, сорлы маңдай?
«Бай ма екен мақтанғандай» деп айтасың
Жаман сөз айта ма екен қыз да сондай?
Байманға сыбай болып әкең де отыр,
Бай болса неге отыр жалғыз қонбай?
Қанатбай
керуенбасы той қылғанда,
Өкпелеп әкең кетті етке тоймай.
Шырағым, бұл сөзіме ашулансаң,
Жылай бер бетің жыртып, салып ойбай.
Ділдә:
Молдеке, «шіркін» десем, ойнағаным,
Көңілде еш жамандық ойламадым.
Қатты айтсаң, қатты –
жай айтсақ, жай,
Еркіңе, ашулансаң, қоймағаным.
Халқына өкпелесе,
бопса етеді,
Әкемнің қайдан білдің тоймағанын?
Сөз сөйле молда болсаң жөніменен,
Ешкімнің көтермеймін ойнағанын.
Сейдәлі:
Қасыңа жаман көрсем келер ме едім?
Сөзіңе айтқан жауап берер ме едім?
Иманбай байталыңды ұрлап мініп,
Мен көрдім ерте тұрып жібергенін.
Ойыны еш
адамның керекпесе,
Сен сонда неге ашуланып, түнермедің?
Ділдә:
Аулымның ақсақалы Байкөп еді,
Арқаның қу көдесін мал жемейді.
Молдеке, ол
сөзіңнің бәрі жалған,
Көп жаман көре алмаған не демейді?
Сейдәлі:
Еліңе былтыр қонақ болғанымда,
Үйіне молда Әйтім қонғанымда.
Шулады ел ішінде бала-шаға,
Оянсам түн ішінде болғаныңда.
357
Айтыс II том
Үйінде
молда Әйтімнің қонақ едім,
Қашан да өтірік сөзге олақ едім.
Байқасам, сол бейхая сен екенсің,
Әйтімнің қатынынан сұрап едім.
Ділдә:
Молдеке, айттың сөзді таң көрсең де,
Өзіңде ықтиярың, шам көрсең де.
Нанбайды ол
сөзіңе біздің ауыл,
Қатардан сегіз кісі жан берсең де.
Достарыңызбен бөлісу: