САРЫШОЛАҚ ПЕН ҚҰЛЫЙ
Сарышолақ:
Зергер сатар өнерін,
Жақсы адам жұтпайд жегенін.
Алып жатқан көп жылқы,
«Сүтті көлдің» кемерін.
Жақсылықтың белгісі,
Ағайынға бұлдамайды әрқашан да берерін.
Көп жылқышы ішінде,
Мырзасынған пішінде,
Толықсып, толып ісуде,
Өзінше біреу бар екен,
Есенқұл-Бабай дауысты,
Есенқұл емес Мөңке екен,
Сыр-сипатын санасам,
Жақсыларға баласам,
Айналдырып қарасам,
Мал жігіттің көркі екен.
Көп жылқының ішінде,
Қой бастаған серке екен.
Ақылын бұның кім білген?
Шалдуырлау ерке екен,
Өзінше былай сән қуып,
Кигенде тоны келте екен.
111
Айтыс II том
Сыртына киіп тай жақы,
Басындағы әлеміш,
Тотанның қалған бөркі екен.
Мінезіне қарасам,
Қара тастан салмақты.
Көп жылқышы ішінде,
Жалғыз ұлдан ардақты.
Сөйлеген сөзі малжанды,
Жігіттей-ақ жан-жақты.
Алып келді қосына,
Шәугім ілді мосыға,
Сапырулы сары қымыз.
Бәрекелді, масына!
Ат сұрай келген құрбыңа,
Көкке қарап сөйлейсің,
Өй дейсің де, бүй дейсің,
Әбу, құрдас, тасыма,
Мақтаныш деген осы ма?
Жазғытұрым болған соң,
Басыңа тағдыр салған соң,
Тотан жылқысын алған соң,
Қаңғырған қудай қаларсың,
Айтқан сөзге нанарсың,
Өткен істі шаларсың,
Шалқақтаған бұл басың,
Ісінген қазір, құрдасым,
Еңкейіп барып, күн туса,
Пұшпағын местің жаларсың.
Не болды деп бұл күнге,
Есіңнен сонда танарсың,
Әлпештеген жұртыңды,
Елді есіңе аларсың.
Айтқан сөзге нанарсың,
Бармақты тістеп белінен,
Гөй-гөйіңе саларсың.
Жақсы адам әсте бұлдамас,
Кем-кетікке берерін.
Терең сайлар құрғамас,
Суға толар тереңім.
112
Қазақ өнерінің антологиясы
Атадан қалған алтын жоқ.
Өмір болса көрермін,
Бостан босқа тасыма,
Бір күнгі ішкен асыңа.
Бағың таяр күн туса,
Жан жуымас қасыңа.
Бұрыннан қалған сөз бар еді:
Құдай қарсы – асыға,
Ілгері кейін күн болса,
Қаларсың сөзден тосыла.
Іркіт бермей сары тоқал
Шөмішпен ұрар басыңа.
Барар жерің қысқарып,
Ақ соғар сақал-шашыңа.
Көптен бері естімей,
Жүрген де сөзің осы да.
Содан Әбу, қайтсе де, Сарышолақ шайырды жеңбек болып,
аулының оқыған ақыны Құлыйға бір жылқы беріп, айтысқа қосады:
Құлый:
Сұрасаң, әкем аты − молда Жолай,
Жақсылар өткен екен елде талай.
Дәулетім асып-тасып жатпаса да,
Мен сорлы болғаным жоқ Боранбайдай.
Біз білген Бестоқалда ерлер көп ед,
Дүниеден өткен әкең, сол − Боранбай,
Көрінген алысынан бізге дара-ай.
Сарышолақ, сол көбінің бірі едің,
Өзім бір санап жүрген мыңға балай.
Туралап, сөз айтайын Сарышолаққа,
Шолағың сөз бастады Әбу жаққа,
Жүгіртіп не бір ойын әрбір жаққа,
Шіркіннің дәмесі бар әрбір сақта.
Бәрін де бес Тілеудің өзіңдей көр,
Білместі табан жерде сөзге шашпа.
Жел сөзді ұялмасам мен де айтамын,
Сыйынып, бір Құдай мен әруаққа.
Арқасын Шолағымның күн шалыпты,
113
Достарыңызбен бөлісу: |