ғана бiрiктiредi.
Адамдардың рухани өмiрiндегi ұят, қуаныш, үрейлену, таң қалу т.б. түрлi уайымдар
бiр-бiрiн өзара орын ауыстырумен толықсуын эмоция деп атаймыз.
Эмоция - бұл ерекше психикалық құбылыс, əсерiмен бiрге, адамдардың уайым түрiнде
өзiне пайдалы əртүрлi құбылыстар мен заттардың субъективтi бағалануы мазмұнының
көрiнiсi. Эмоция адамдарға қоршаған əлемдi тануға бағыт-бағдар бередi: пайдалы-
зияндылығы, негiздi-негiзсiздiлiгi т.б. Эмоцияналдық бағыт-бағдармен рационалды
бағытының ерекешелiгiн қарастыратын болсақ, мынадай өзгешелiктердi байқауға болады:
арнайы оқытуды талап етпейтiн (яғни, туа бiткен), ақпаратты алу жағдайының шектелу
мүмкiндiктерi нашар түсiнбеушiлiктер жəне қысқа мерзiмдi (жиi тылсым) ырықсыз бағыт-
бағдарлар. Кез келген адамда пайда болатын эмоция оның негiзгi iшкi өмiрлiк сигналы
болып табылады жəне келесi ойымен əрекетiн басқарып бағдарлайды. Мұның анық
себептерi мен негiзiн жөндi ақылмен түсiнбеуi мүмкiн. Бiрақ олардың дəлдiгiне сенiмдi
болуы шарт. Тұлға деңгейiнiң iшкi сенiмдiлiгi əрқашанда жоғары эмоционалды түрде
қалады.
Эмоционалдық құбылыс құрылымында үш компоненттi көрсетуге болады: пəнi,
эмоционалды уайым жəне қажеттiлiк (мотив-түрткiлер).
Эмоция пəнiне адамның өмiрiнде эмоционалдық уайымдардың тууына байланысты
кез-келген адамға мəндi құбылыстардың көрiнiсi. Олар мынадай болуы мүмкiн: емтиханда
алған баға, жұмысқа кешiгу, табиғат құбылысы, бiреулердiң қылығы жəне ой-пiкiрлер т.б.
Мұндай мағыналы уақиғалар мен жағдаяттар эмоциогендiк деп аталады. Бұл
эмоциогендiк жағдайлар кездейсоқ ойламаған (стихиялық) немесе бiреудiң көздеген
ойынан тууы мүмкiн. Уайымдар эмоция пəнiнiң мазмұнын анықтайды.
Эмоционалды уайымдар эмоционалдық құбылыстардың негiзгi компонентiн
құрайды, яғни адамдардағы эмоциогендiк жағдаяттарда кездесетiн қақтығыстар:
түсiнбеушiлiк, шошу, таң қалу т.б. субьективтi реакциялар туғызады. Эмоционалдық
уайымдар адамдарда əрқашан ырықсыз жəне ырықты саналы түрде туып отырады.
Эмоционалды уайым түрлi деңгейде саналы жəне адамның iшкi рухани əлемiн (зейiнiн,
ойлауын, есiн, қабылдауын), физиологиялық процестерiн (жүрек қан—тамырларын,
тыныс алу, ас қорыту т.б.) өзгертедi.
Қажеттiлiк эмоционалды құбылыстың үшiншi компонентiн құрайды. Қажеттiлiк
адамның iшкi психологиялық негiзi (көрсеткiштерi) болып бағаланады. Болып жатқан
немесе өтiп кеткен жағдаяттардың мəнi қəзiргi жағдайда өзектi қажеттiлiгiмен белгiлi бiр
мөлшерде байланысы, қажеттiлiктерге кедергi немесе қанағаттандыруға жағдай жасау.
Мағыналық əрқашанда қажеттiлiктермен белгiленедi. Мағыналық жағдайлардың
болмауында эмоция көрiнбейдi. Мысалы, аш адамда эмоциялық уайымдармен байланысты
көп жағдаяттар туындайды. Бiрақта сол жағдаяттар тек тамақ қажеттiлiгiн
қанағаттандырғаннан кейiн адамға мағынасы мəнсiз болуы мүмкiн.
Қорыта айтқанда, эмоционалды уайымды адамға мағыналы қажеттiлiктердi
қанағаттандыру үшiн жəне адамның өмiрлiк түрлi жағдаяттарының түрткiлерiне
субьективтi реакция болып қарастырылады.
Тұрақсыз əлеуметтiк, экономикалық, саяси, экологиялық жағдай өскелең ұрпақтың
жəне тұлға дамуындағы əртүрлi ауытқулардың өсуiне бейiмделтедi. Бiрiншiден, зорлық-
зомбылық, ұрыс-тартыс, қажеттiлiктерiн қанағаттандырмаған жағдайда, криминалды
оқиғалар жиi ұшырасқанда адамдарда эмоционалды шиеленiсу болады. Екiншiден,
əлеуметтiк ортадағы жағымсыз, қолайсыз оқиғаларды көрсету психикалық денсаулыққа,
психикалық көңiл-күйге, яғни осы өмiрге деген қорқыныш, сенiмсiздiк пайда болады.
Мысалы, қоғамда қауiптiжағдай кездескен жағдайда, мен өзiмдi осы жағдаймен күресудiң
əдiс-тəсiлдерiн, ыңғайын iздестiруiм керек.
Достарыңызбен бөлісу: