қолданылып келе жатқан мақал-мəтел, əн-өлеңдер,шешендік сөздер тіл өнері арқылы
ұрпақтан -ұрпаққа жетіп отырған.»Өнер алды-қызыл тіл»-деп бекер айтылмаса керек.
Өнер түрлері:
1)Орналасуына қарай
Кеңістіктік(мүсін,сурет, сəулет өнері)
Уақыттық(əн,музыка,т.б)
Кеңістіктік-уақыттық (би, сахналық өнер,кино)
2) Бейнелеу (сурет,мүсін)жəне бейнелейтін (сəулет, дизайн)
3)Қарапайым(мүсін,сурет музыка)жəне күрделі (балет, театр)
Негізгі эстет. категориялар – сұлулық пен сұрықсыздық, асқақтық пен пасықтық,
трагед. жəне комед. болса, олар қоғамдық байланыста, адам өмірінің əрбір саласында
– өндірістік-еңбек пен қоғамдық саяси қызметте, табиғатқа көзқараста, мəдениет,
тұрмыста, т.б. жағдайларда дүниені эстет. тұрғыдан ұғынып түсінудің көрінісі ретінде
байқалады. Эстет. тұрғыдан ұғынып-түсінудің субъективті жағы – ішкі сезімдерді,
талғамдарды, бағалауды, күйзелісті, идеяларды, мұраттарды Эстетиканы объективті
өмірлік процестер мен қатынастарды көрсете бейнелеудің өзіндік формасы ретінде
қарастырады. Өнер, көркем шығарм. оның маңызды жағы ретінде қарастырылады.
Эстетика өнердің мəнісі мен оның заңдылықтарын зерттей отырып, арнаулы, теор.
жəне тарихи ғылымдармен жəне өнер туралы ғылымдармен тығыз байланыста
дамыды. Бірақ Эстетика– негізінен философияның бір саласы. Ол адамның ақиқатқа
эстет. қатынастарының (оның ішінде өнердің) жалпы заңдылықтарын зерттейді, ал өнер
зерттеу ғылымдары өнердің қаз-қалпындағы ерекшелігіне назар аударады.
Философия сияқты дүниетану ғылымы бола отырып, Эстетика эстет. сана мен өнердің
қоғамдық болмысқа, адам өміріне көзқарасы туралы мəселені шешуді өз
проблематикасының басты назарына қояды. Осы мəселенің материалистік шешімін
басшылыққа ала отырып, Эстетика өнердің табиғаты мен көркем шығарм. процесінің
түрлі жағын: өнердің шығу тегін оның мəнісін жəне қоғамдық сананың басқа
формаларымен байланысын, оның тарихи заңдылықтарын, көркем образдың
ерекшеліктерін, өнердің мазмұны мен форманың өзара байланысын, көркемдік əдіс
пен стильдің маңызын, т.б. ғыл. тұрғыдан ашып көрсетеді. Катарсис (грекше "тазару")
— адам жаны мен тəнін тазарту, рухтық жөне ағзалық жаңаруды білдіретін ұғым.
Катарсис ұғымы антикалық философиядан алынған. Көне гректер катарсисті
денсаулықтағы бұзылған үндестікті қалпына келтіру үшін тазарту жүргізу əдістері деп
қарастырған. Нақты медициналық мағынасымен қатар катарсис эстетикалық ұғым
деңгейіне көтерілген сөз. Антикалық эстетикада катарсис адамға өнердің қалай əсер
ететіндігін көрсету үшін пайдаланылған. Онда катарсис əсіресе музыка, поэзия мен
трагедияның адамның рухы мен жанын тазарту жолындағы маңызын білдірген.
Достарыңызбен бөлісу: