Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық



Pdf көрінісі
бет150/273
Дата02.02.2023
өлшемі10,84 Mb.
#64584
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   273
Байланысты:
Қазақ тілі. Оқулық В1

viii
 БӨ
ЛІМ
3. Оқыңыз! 
Мидағы жағымсыз естеліктерді өшіруге болады
Швед ғалымдары жағымсыз ойлардан арылудың жолын тапты.
Бұрынырықта адам жадын басқару фантастикалық фильмдердің тұрақты сюжеті болатын. 
Енді Упсала университеті ғалымдарының арқасында бұл шындыққа айналды. Зерттеушілердің 
айтуынша, бұл жаңалықты тым депрессивті адамдарды емдеу үшін қолдануға болады. Мамандар 
осылайша адам миында пайда болған қысқа мерзімді жадыны өшіруге болатындығын айтып 
отыр.
“Біздің зерттеуіміздің нәтижелерін фобияға, мазасыздыққа шалдыққан миллиондаған 
адамдарды емдеу кезінде пайдалануға болады”, - деді жоба авторларының бірі Томас Агрен.
Адам қабылдаған ақпараттар мидағы арнайы ақуыздардың арқасында ұзақ мерзімді жадыға 
сақталады. Дегенмен, адам бірдеңені есіне түсірген кезде, ақпарат қайта сақталып отырады. 
Басқаша айтқанда, адам шындығында қандай құбылыс орын алғанын емес, сол құбылыс туралы 
өзінің соңғы ойын есінде сақтайды. Ғалымдардың пікірінше, адам миы осылайша ақпараттарды 
үздіксіз бейімдеуден өткізіп отырады.
Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Сіз мақала авторымен келісесіз бе?
2. Ғалым-дәрігерлер шынымен-ақ жадыны өшіре алады деп ойлайсыз ба?
3. Қызықты және адамның сенуі қиын жаңалықтардың барлығы неге шетелдерде табылып, 
шетелдік ғалымдар ашады деп ойлайсыз?
4. Егер сізге жадыңызды өшіруге ұсыныс білдірсе, не істер едіңіз? Келісер ме едіңіз?
Балық жауатын күн
Әлемдегі таңғалмайтын, еш қайран қалмайтын жұрттың 
бірі Гондураста өмір сүріп жатыр. Себебі, аталған өлкеде 
жылда көктемнен жазға өткен немесе ауысқан шақта “балық 
жауыны” дейтін күндер өтеді. Бүкіл халықтың мазасын 
кетіріп, сәл-пәл қорқытқаны болмаса, азыққа бір кенелтіп 
тастайтын шақ...
Соңғы кездегі ақпараттарға сенсек, табиғаттың осы бір 
«қылығы» жылына екі рет қайталана бастапты. Оған Кәріб 
теңізінен бастау алатын долы жел мұхиттағы бүкіл балық 
атаулыны көтеріп алып, жолында кездескен елдімекендерге 
тастап кетуі себеп болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет