Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық



Pdf көрінісі
бет165/273
Дата02.02.2023
өлшемі10,84 Mb.
#64584
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   273
Байланысты:
Қазақ тілі. Оқулық В1

 БӨ
ЛІМ
10. Төмендегі сәнгерлерді білесіз бе?
11. Пікірлесіңіз. Тобыңызда талқылаңыз.
ОҚыЛыМ
Сән әлемі тарихындағы ең ықпалды 100 
адамның қатарына кірген Coco Chanel (Коко 
Шанель) туралы қызықты фактілермен таныс 
болыңыз. 
• Коко сән әлеміне біртіндеп өзгерістер 
әкеле бастады. Қара көйлек тек қаралы қазаға 
киілетін болған. Кейін Шанельдің әйгілі 
кішкентай қара көйлегі бірте-бірте әйелдердің 
күнделікті киіміне айналды.
• Коко Шанель қалталарды өте қатты 
жақсы көрді. Ерлерше әйелдердің де қалталы 
болғанын қалады. 
КОКО ШАНЕлЬ 
ХАНыМ
Кельвин Кляйн
Американдық 
дизайнер
Коко Шанель
Француз дизайнері
Гуччио Гуччи 
Италян дизайнері
Джанни Верс
аче
Италян дизайнері
Хьюго Босс
Неміс дизайнері
Кристиан Диор 
Француз дизайнері
Альдо Гуччи 
Италян дизайнері
Джорджио Армани
Италян дизайнері
Адамдар неге атақты 
брендтерден киім алғысы 
келеді?
Киім арзан болу 
керек пе, әлде қымбат 
болу керек пе?
Киім ыңғайлы болу 
керек пе, әлде сәнді немесе 
жарасымды болу керек пе?
Синтетикалық киімдер киген 
дұрыс па, әлде мақтадан жасалған 
киімдер дұрыс па?


200
IX
 БӨ
ЛІМ
Сол себепті ер адамның киіміндегі қалталарды тек әйел киімдеріне ғана емес, сонымен бірге 
аксессуарларға да тікті. Мысалы, Chanel сумкасындағы ең басты деталь ол - қалталар!
• Коко еңбек жолын қалпақ тігумен бастаған. Тапсырыс көбейген соң ептеп тауар санын 
ұлғайтып отырған. 
• Коко ең алғаш жасаған саудасында трикотаж сатқан. Ол басында жай адамдарша трикотаж 
сату дүкенінде қарапайым сатушы болып істеді.
• Коко алғашқылардың бірі болып тамаша маркетингтік әдісті іске қосқан. Ақырындап өз 
киімдерін сату жолында атақты адамдардың есімдерін пайдаланған. Оларға өзінің тіккен 
киімдерін кигізіп, кейін түсірген суреттерін біртіндеп жарнама беттеріне орналастырған. Сол 
кезден бастап атақты әртістер ол дүниеге әкелген киімдер маркаларының символына айналды.
• Коко Шанель алғаш болып күнге күюді сәнге әкелген. Әйелдер оның күнге күйген терісіне 
қарап Шанельше күнге күюді сәнге айналдырған. 
• Коко Шанель өмірінің соңына дейін
отельде тұрып келген. Қонақүйге бірден 
үйреніп кеткен жоқ. Дегенмен қонақүй 
ақырындап оның өз үйіне айналған. Ол Ritz 
отелін өзінің үйіндей көрген. Ал Ritz отелі 
қазір Париждегі алдыңғы қатардағы қонақүй 
саналады.
• «5» санын Коко Шанель «ең сүйікті са-
ным» деп есептеген. Себебі оның өміріндегі 
көптеген жетістіктер осы 5 санымен байла
нысты. Шанельге қатты ұнаған Chanel №5 хош 
иісі де бесінші нұсқасы болатын. Бір қызығы, 
Chanel №5 1921 жылдың 5-мамырында 
көпшілікке ұсынылған. Ал қазір әлемде 30 се-
кунд сайын оның бір данасы сатылып жатады. 
Коко Шанельдің өмірінде бірнеше рет ма-
хаббат оқиғалары болған, бірақ ол ешқашан 
тұрмысқа шықпаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет