Xii БӨ ЛІМ 7. Жауап беріңіз. 1. Сенімхат қандай құжат?
2. Заңды тұлға жеке тұлғаға сенімхат бере ала ма?
3. Сіз сенімхат беріп көрдіңіз бе?
ОҚыЛыМ 1. Жауап беріңіз. 1. Қандай жағдайда адамдар бір-біріне сенімхат береді?
2. Не үшін сенімхат береді деп ойлайсыздар?
2. Оқыңыз. Сенімхат
-
белгілі,
дәлелді
себептерге байланысты өзі атқара
алмайтындай жағдайда нақты іс-
әрекеттің орындалуын басқа адамға
тапсыру үшін жазылады. Сенімхат
- құжат иесі басқа біреуге бір істі
атқаруға өз атынан оның құқын
пайдалануға рұқсат беретін құжат
түрі. Сенімхатты мынадай ақша
түрлерін алу үшін пайдалануға
болады: жалақы, зейнетақы, алимент,
ақша аудару т.б. Сондай-ақ сатып алу,
сату, үй ауыстыру, басқару, автокөліктерді сату, ауыстыру т.б. әрекеттерді сенімхат арқылы жүзеге
асыруға болады. Сенімді өкілге сотта, кәсіпкерлікте іс жүргізуді, банктегі есепшотқа иелік етуді
т.б. сеніп тапсыруға болады.
Үлкен жауапкершілік жүктейтін іс-әрекетті орындауға немесе қымбат мүлікті алуға
берілген сенімхат нотариалдық тұрғыдан куәландырылуы мүмкін. Кей жағдайда қойылған
қолдар сенімхатта көрсетілген адамдар жұмыс істейтін мекемелердің кадрлық қызмет көрсету
орындарымен де куәландырылуы мүмкін. Сенімхат ұйымдар тарапынан өз қызметкерлеріне
де беріледі. Бұл жағдайда сенімді өкілге қандай құқықтар берілетіні дәл көрсетіледі. Ондай
құқықтарға келісім жасау, фирма атынан келіссөз жүргізу, жұмысшы жалдау немесе тауар
қабылдаулар жатады.
3. Мәтіннен мағыналас сөздерді табыңыз. өзге
_____________________________________________
артатын
_____________________________________________
тұлғаға
_____________________________________________
бағалы
_____________________________________________
қаржы
_____________________________________________
кей кезде
_____________________________________________
іске асыруға
_____________________________________________
анық
_____________________________________________