Иш байтерек


 Мәтін қандай стильде жазылған?



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата03.02.2023
өлшемі0,62 Mb.
#64843
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Қазақ тілі 26.04.2020

7. Мәтін қандай стильде жазылған?
А) Ресми стиль
В) Көркем әдеби 
С) Публицистикалық стиль 
D) Ғылыми стиль 
8. Мәтінде жауабы бар сұрақты табыңыз?
А) Бірінші алтын адам қайдан табылды? 
В) Табылған алтын адам үйсін тайпасына жатады ма? 
С) Алтын адамның сырт киімі қандай? 
D) Алтын адамды қалай тапты? 
5-мәтін 
Арқар – қой тұқымдасына жататын жануар. Өзінің денесі сымбатты, 
биіктігі 125 сантиметрге, салмағы 200 килограмға дейін жетеді. Жазда 
арқасы мен бүйірі қоңыр, бауыр жағы ақшыл түсті келеді. Еркегінде де, 
ұрғашысында да мүйіз болады. Құлжасының мүйізі ірі, бұралып иілген, 
айшықты, аналығынікі нәзік, өте қысқа, бозғылт қоңыр түсті болады. 
Мүйізіндегі сақинаға қарап жасын анықтайды. Арқар негізінен Орта және 
Орталық Азияның тауларын, Азияның оңтүстігіндегі тауларды мекендейді. 
Арқар – биік тауларда тіршілік етуге бейім, аязға өте төзімді жануар.
Арқар көбінесе үйір-үйірімен жүреді. Қыста салқын түссе, таудың етегіне, 
көктем мен жазда таудың субальпілік белдеуіне қарай аударылады. Бұл 
мезгілде олар 1015-тен топтанып жүреді. Тек жазда көбею кезінде бөліне 
бастайды, көбіне егіз туады. Арқарлардың басты жауы – қасқыр мен барыс. 
Арқар дәмді ет, сапалы тері беретін аң болып саналады. Алайда саны жылдан 
жылға азайып барады. Сондықтан қазір оны аулауға тыйым салынған. 
Қазақстан Ғылым академиясының бір топ ғалымдары арқарды меринос 
қойымен будандастыру арқылы қазақтың асыл тұқымды арқар-меринос 
қойын шығарды. 
9. Неліктен арқарды аулауға тыйым салынған?
A) Меринос қойымен будандастыратындықтан
B) Саны жылдан-жылға азайып бара жатқандықтан
C) Мүйізі үлкен болғандықтан 
D) Егіз төл беретіндіктен
10. Арқардың негізгі жауы – 
A) Қасқыр мен қояндар
B) Тауешкі мен аюлар 
C) Қасқыр мен барыстар
D) Қасқыр мен ешкілер 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет