Байланысты: O 1179 u sauattyly 1171 y 100-n 1201 s 1179 a
ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ 173
сумен басты. Іштеріне сəәл де болса бірдене барған соң, қайтадан «жұмыстарына»
кірісті.
Мұндай оқиғаны алғаш көруім. Бұдан кейін не ойларыңды да білмейді екенсің.
Ата-анасы ащы судың жетегіне еріп, балаларды ақша табуға, азық табуға
мəәжбүрлейді екен, бұл – сол жерде жүрген қала тұрғынының сөзі. Айтуынша, бұл
жер балалардың тұрақты мекеніне айналған. Күнделікті елдің қалған-құтқанын
жеп, қарындарын тойдыратын көрінеді.
Бұған дейін көшедегі бомждарды көріп, осындай өмірді таңдаған өзі, енді
өзінен көрсін деуші едік. Ал енді мына балаларға не айтуға болады?! Адам ата-
ананы таңдап алмайды. Сол бір жауапсыз жандардың кесірінен бақытты шақтарын
көшеден азық іздеумен алмастырып жүргендері өте өкінішті-ақ... Оқушы біткен
жазғы демалыстың аяқталмауын тілеуде. Ал, мына балалардың екеуі мектептерін
аңсап жүр. Арнаулы мектепке баратындардың ол жерде киер киімі ұқыпты,
тамақтары тоқ, жатар орны таза. Мектеп жасына толмаған қалған екеуі ше? Олар
не күн көреді? Жазда, жарайды, əәрбір қарағаш оларға сая, кез-келген шүберек киім.
Қыста ше? Қақаған аязда үсіп өлсе, бұларды іздейтін жан бар ма? Жоқ əәлде,
көмусіз аң-құстың азығына айналар ма екен? Бұл тұста қылышты кімге сілтерімді
де білмеймін. Бала тəәрбиесіне қарамайтын ата-анаға ма, жоқ əәлде тек екеуді
қамқорлығына алған үкіметке ме? Ата-анадан енді қайыр жоқ, ол белгілі жайт!
Үкімет енді мына екеуді де далаға қаңғытпай қарамағына алса екен. Мендегі жалыз
тілек осы!
13. «Үкімет енді мына екеуді де далаға қаңғытпай қарамағына алса екен.
Мендегі жалыз тілек осы!» деген сөйлем автордың қандай сезімін көрсетеді?
A)Балалардың өміріне алаңдау
B)Балаларға жақсы тілек айту
C)Балалардың тағдырын шешу
D)Үкіметке үміт арту
E)Балаларға қол ұшын беру
14. Мəәтіннің екінші абзацына қандай тақырып сəәйкес келеді?
A)Саябақтағы оқиға
B)Мейірімсіз ана
C)Жас балалар
D)Қараусыз қалған балалар
E)Азық іздеген төртеу
15. «Төртеуі азды-көпті алған азықтарын көк шөптің үстіне отыра сап, жапа -
тармағай жеуге кірісті. Кішкентай қыз тоғын арықтағы сумен басты» деген сөйлем
кішкентай қыздың қандай əәрекетін көрсететінін болжаңыз.
A)Жек көрушілігі
B)Өкініші
C)Сенімділігі
D)Жиіркеніші
E)Шарасыздығы
16. Саябақ балалардың өмір сүру мекеніне айналғандығы туралы көзқарас
кімнің атынан айтылады?