Байланысты: O 1179 u sauattyly 1171 y 100-n 1201 s 1179 a
ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ 321
B)Айнабұлақ
C)Жүрек
D)Намыс
E)Махаббат
1.Айдостың туфлиі жыртылып қалды. Ертесі сабаққа киіп баратын туфли
табыла қоймады. Ауылдағылар ауданға себепсіз бара бермейді. ƏӘкесі жыртылған
туфлиінің табанын алып, басқа табаны тозған аяқ киімге тігіп берді. Көзге қораш
көрінеді. Оны қарап тұрған əәкесі жоқ. «Тамаша емес пе?» деп қояды.
2.Ертесіне еріксіз əәлгі аяқ киіммен мектепке барды. Галош секілді бірдеме өзі.
ƏӘшейінде партаның үстімен жүгіріп жүретін Айдос осы жолы тыныш отырды.
Сұрағандарға «ауырып отырмын» дей салды. Аяғына бəәрі қарап отырғандай.
Партаның астына тығып əәлектенді. Мұғалімдер сабақ сұрайды, бұл дайын емеспін
дей салады. Олар да журналға тиісті бағаларын қонжитып жатыр.Тақтаға да
шықпады. Өзін қор санады. Тамағына өксік тығылды. 4 сабақ біткенше орнынан
тапжылмай отырды.
3.Сабақ аяқталысымен мектептен жүгіре шықты. Еңіреп жылап үйге
келді.Үйге кірсе, жаңа туфли əәкеліп қойыпты.
3. Қандай мақал-мəәтел Айдостың қылығына сəәйкес келеді?
A)Базарда бəәрі бар, ақшасыз ешкім бермейді.
B)Қалауын тапса қар жанар.
C)Жылай-жылай жар қазсаң, күле-күле су ішерсің.
D)Өтірік айтқаннан өлген артық.
E)Қырсыққан жігіт мал таппас.
4. Айдос неліктен жылап жіберді?
A)Ата-анасына сенбегеніне ренжіп.
B)Туфлисіз қалғанына ренжіп.
C)Бүгін басынан өткен жағдайға төзгеніне.
D)Жаңа туфли əәпергеніне қуанып.
E)Сабақты айтпай, тисті баға алғанына.
5. 2-бөлімде қандай жағдай туралы айтылды?
1. Айдос келеңсіз жағдайға тап болды.
2. Сыныптастарының барлығы Айдостың аяқ киіміне күлді.
3. Айдос бүгінгі сабағын əәдеттегідей оқыды.
A)Барлығы теріс
B)Екінші
C)Барлығы дұрыс
D)Үшінші
E)Бірінші
6. 1-бөлім бойынша Айдос қандай əәрекетке ыза болды?
A)ƏӘкесі Айдостың пікірін сұрамағанына
B)Туфлиінің жыртылғанына
C)Ертең сабаққа баратынына
D)ƏӘкесінің басқа табан тігіп бергеніне
E)Ауданға баратын адамның болмағанына