Байланысты: O 1179 u sauattyly 1171 y 100-n 1201 s 1179 a
ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ 376
– Саған тышқан бол деген кім? Тышқан екенсің, жеуге тиіспіз! –
дейді.
Оның түпкі ниетін байқаған тышқан содан былай сақтанып, бұрыш- бұрышта
тығылып жүретін болыпты.
Бір тəәуірі мысық өте ұйқышыл екен. Басы жастыққа тиді болды, қорылдай
кетіп, қанша оятса да оянбайды екен. Мұны білген ақылды тышқан ебін тауып,
ұйықтап жатқан дұшпанының мойнына қоңырау байлап қойыпты. Сөйтіп, жүрген
сайын сылдырайтын қоңыраудың арқасында алаңсыз ұйықтап, еркін жүретін
болыпты.
3.Мəәтін мазмұнына сай тақырыпты таңдаңыз.
A)Тату-тəәтті өмір
B)Мысық пен тышқан
C)Ұйқышыл мысық
D)Жаңа дос
E)Қулығын асырған тышқан
4.Тышқанның алаңсыз өмір сүруіне негіз болған жағдай
A)Ептілігі
B)Шыдамдылығы
C)Тапқырлығы
D)Батылдығы
E)Шапшаңдығы
5.Тышқанның дұшпанын анықтаңыз
A)Батыл
B)Айлакер
C)Өркөкірек
D)Жалқау
E)Мақтаншақ
6.Мəәтін мазмұнына сай мақалды табыңыз.
A)Жалғыз қаздың үні шықпас
B)Ежелгі дұшпан ел болмас
C)Досы көпті жау алмайды
D)Екі қошқардың басы бір қазанда піспес
E)Диірменде туған тышқан тарсылдан қорықпас
ƏӘмір Темір тарихтағы жер жүзін бағындырған ең ірі қолбасшылардың бірі.
1336 ж. Кеш ауылында туылған. Жақсы тəәлім алған ƏӘмір Темір 1370 ж.
Самарқантта таққа отырып Мəәуренахрдың билігін қолына алды. Қытаймен Делиге
дейінгі бүкіл Азияны, Ирак, Сирия жəәне Измирге дейінгі Анадолыны басып алды.
Қытайға жорыққа бара жатып 1405 ж 20 ақпанда қайтыс болды. Қабірі
Самарқантта. Өте данышпан жəәне ұлы əәмірші болған. Өте көп медресе жəәне
кітапханалар аштырған.
Шағатай мемлекетінің құрамындағы Ташкенттің əәкімі болған əәкесі Тарағай –
атақты Нақши шейхы ƏӘмір Күлалды құрметпен жақсы көретін. ƏӘмір Күлал ƏӘмір
Темірге шəәкірттерінен Шəәмсəәддин Күлалды ұстаз қылып тағайындады.