Э. А. Абдыкеримова


Алгоритмді блок-схема тҥрінде бейнелеу



Pdf көрінісі
бет37/85
Дата03.02.2023
өлшемі1,31 Mb.
#65038
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   85
Байланысты:
Э.А.Абдыкеримова.ИНФОРМАТИКАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Алгоритмді блок-схема тҥрінде бейнелеу. Алгоритмнің әрбір әрекеті 
тҥрлі жазық геометриялық фигуралар тҥрінде бейнеленіп, олардың арасындағы 
байланыстар сызықтар мен бағдарлаушылар (стрелкалар) арқылы кӛрсетілуі 
мҥмкін. Алгоритмнің мҧндай жазылуы блок-схема деп аталады. Блок-схема 
алгоритмнің қҧрылымын кӛрнекті тҥрде кескіндеуге мҥмкіндік береді.


60 
Блок-схема тҧрғызуда пайдаланылатын шартты белгілеулердің тізбесі 
Мемлекеттік стандарт бойынша анықталған. Тӛмендегі кестеде (1-кесте) жиі 
қолданылатын бірқатар шартты белгілеулер кӛрсетілген. 
1-кесте. Блок-схемадағы шартты белгілеулер 
Геометриялық пішім 
Оның атқаратын жҧмысы 
Алгоритмдерді бастау және аяқтау 
Мәліметтерді енгізу мен нәтижені шығару 
Математикалық ӛрнектерді есептеу 
Шартты тексерудің нәтижесінде есептеу 
процесі 
бағыттың 
бірі 
бойынша 
жалғастырылады 
Қайталануды ҧйымдастыру 
Қосалқы бағдарламаларға кіру және шығу 
Блоктарды бір-біріне байланыстырады 
Мысалы, 1-ден n-ге дейінгі натурал сандардың қосындысын есептеу 
алгоритмін блок-схема тҥрінде кӛрсетейік: 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Шарт 
жоқ 
иә 
Басы 
енгізу n 
s:=0; i:=0 
s:=s+1; i:=i+1 
iшығару s 
cоңы 
жоқ 
иә 


61 
 
Алгоритмді сӛзбен баяндап жазу. Алгоритмнің жазылуының кең тараған 
тҥрі - сӛзбен баяндап жазу (табиғи тіл). Бҧл алгоритм кҥнделікті пайдаланатын 
сӛздер мен алгоритмдік символдарды қолданып, орындалу реттері кӛрсетіліп 
жазылған жеке-жеке нҧсқаулар жиынтығынан тҧрады. 
Беймәлім әрекетті жазба тҥрде баяндау, мысалы, кір жуу машинасын қалай 
пайдалану керектігі туралы жазба алгоритмді сӛзбен баяндау болып табылады. 
Сол сияқты, қаламен таныс емес адамға жӛн сілтеу, қалааралық телефон - 
автоматпен сӛйлесу ережесі, т.б. - алгоритмді сӛзбен баяндаудың мысалдары. 
Алгоритмді сӛзбен баяндаудың бір ерекшелігі, ол кез келген алгоритмді, тіпті 
есептеу алгоритмдерін де мазмҧндауға мҥмкіндік береді.
Мысалы: 
1
3
2



t
y
формуласы бойынша t-нің кез келген мәні ҥшін у-тің мәндерін 
есептеу алгоритмін қҧрастыру. 
Бҧл ҥшін тӛмендегідей жарлықтар тізбегін орындау қажет: 
1) t-нің берілген мәнін оқы; 
2) t- ны 3-ке кӛбейт; 
3) нәтижені 1-ге азайт; 
4) 2-ні ҥшінші әрекеттің нәтижесіне бӛл; 
5) нәтижені у деп белгіле. 
Осы жарлықтар тізбегі берілген есепті шешу алгоритмі болып табылады. 
Мҧнда атқарушыға у-тің мәнін есептеуге арналған бастапқы формуланы білу 
міндетті емес. Тиісті нәтиже алу ҥшін оған тек кӛрсетілген жарлықтардың 
орындалу ретін қатаң сақтап отыру жеткілікті. 
Қарастырылған алгоритмде біз мынадай бір ережені сақтадық: 
алгоритмнің бірінші жолы орындалған соң, келесі 2-ші нӛмірлі жолдағы нҧсқау 
орындалады. Ең ҥлкен 5-ші нӛмірлі нҧсқау орындалған соң алгоритмді атқару 
аяқталады.
Алайда бҧл ереже тек сызықтық алгоритмдер ҥшін ғана дҧрыс болып 
табылады. Тармақталу командасы жағдайында процестің орындалу реті келесі 
нӛмірлі жарлыққа емес, кез келген нӛмірлі жарлыққа ауыса алады. Блок-схема 
кескінделген алгоритмдерде еш қиындық жоқ, қажетті ауысулардың бағытын 
бағдар сызықтарды пайдаланып кӛрсетуге болады. Сӛзбен баяндап жазу кезінде 
бҧл ҥшін арнайы командалар пайдаланылады. Оларды шартты және шартсыз 
ӛту командалары деп атайды. 
Шартсыз ӛту командасы мына тҥрде жазылады: 
1-ге ӛт, 
мҧндағы 1 - алгоритмдегі командалардың бірінің нӛмірі. 
Шартсыз ӛту командасы бойынша нӛмірі кӛрсетілген жолдағы команда 
орындалады, немесе басқару 5-ші нӛмірлі жолға беріледі. 
Шартты ӛту командасының жазылу тҥрі мынадай: 
егер Р болса 1-ге ӛт,
мҧндағы Р - тексерілетін шарт, 1 - шарт сақталған жағдайда басқару 
берілетін команданың нӛмірі. Р шартты есептеу алгоритмі жағдайында бір 


62 
немесе бірнеше айнымалыдан тҧратын ӛрнек, математикалық емес алгоритм 
жағдайында логикалық тҧжырым болуы мҥмкін. Қалай болғанда да, шарт 
орындалған жағдайда басқару нҧсқауда кӛрсетілген жолға беріледі де, 
сақталынбаған жағдайда басқару шартты ӛту комадасынан кейінгі жолға 
беріледі.







1
,
1
1
,
2
егерx
x
егерх
x
y
формула бойынша у-тің мәнін табу алгоритмін жазалық: 
1. х-тің берілген мәнін оқы; 
2. егер х<=1 болса, онда 5-ке ӛт; 
3. х-тен 1-ді шегер; 
4. 6-ға ӛт; 
5. х-ті х-ке кӛбейт; 
6. нәтижені у деп белгіле; 
7. соңы. 
Егер екінші жолдағы шарт қанағаттандырылмаған болса, келесі, ҥшінші 
жолдағы команда орындалады. Бҧл жағдайда қажеті жоқ бесінші жолда ―аттап‖ 
ӛту ҥшін, тӛртінші жолға шартсыз ӛту командасы жазылған. Жетінші жолдағы 
―соңы‖ нҧсқауы алгоритмнің атқарылуын тоқтатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет