Э. А. Абдыкеримова



Pdf көрінісі
бет75/85
Дата03.02.2023
өлшемі1,31 Mb.
#65038
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   85
Байланысты:
Э.А.Абдыкеримова.ИНФОРМАТИКАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1-кезең 
Есептің қойылуы 
Есептің жазбасы 
Модельдеудің мақсаты 
Объектіні талдау 
2-кезең 
Модельді жасау 
Ақпараттық модель 
Таңбалық модель 
Компьютерлік модель 
3-кезең 
Компьютерлік эксперимент 
Модельдеу жоспары 
Модельдеу технологиясы 
4-кезең 
Модельдеу нәтижелерін талдау 
 
Нәтижелер мақсатқа сай емес 
 
Нәтижелер мақсатқа сай 


120 
3. Объектіге ықпал жасаудың тікелей және жанама салдарын анықтап 
болжай білу, дҧрыс шешім қабылдау.
4. Объектіні басқарудың тиімділігі. Бҧл кезеңде объектіні басқаруды 
ҥйрену және қойылған мақсаттар мен критерийлер бойынша осы басқарудың ең 
тиімді әдістерін анықтау. 
2-кезең. Модельді жасау. 
1. Ақпараттық модель. Модельдер заттық әлемнің объектілерінің ең бір 
негізгі белгілерін, қасиеттері мен жағдайын, қатынастарын білдіруі тиіс. Объект 
жайлы толық ақпаратты нақ солар береді. Бҧл кезеңде кез келген формадағы 
қарапайым объектілердің қасиеттері, жағдайы, іс-әрекеті, т.б. сипаттары 
анықталады. Мҧнда ақпараттың нақты объектіден оқшаулануы жҥреді, 
маңызды ақпарат бекітіліп, елеусізі алынып тасталады. Объектінің іс-әрекеті 
немесе процестің барысына бағынышты шамалар (кірістік шамалар) және де 
модель жасау нәтижесінен алынуға тиісті шамалардың (шығыстық шамалар) 
тізімі жасалады. Бір есеп ҥшін елеусіз ақпарат, басқасы ҥшін маңызды болуы 
мҥмкін және одан айырылу есептің дҧрыс шешілмеуіне әкелетінін немесе қажет 
шешімді алуға мҥмкіндік бермейтінін атап ӛту маңызды. Елеусіз ақпараттың 
тіркелуі қосалқы қиындықтар әкеледі, шешімге жетелейтін жолда кедергілер 
жасайды. Кірістік параметрлерді олардың шығыстық параметрлерге әсерінің 
маңыздылығы бойынша бӛлу маңызды.
Ақпараттық модель объектіні ешқашан да толық сипаттамайды. Бір ғана 
объекті ҥшін әр тҥрлі ақпараттық модель қҧруға болады. 
Ақпараттық модельді қҧру модельді жасау кезеңінің бастапқы кезеңі 
болып табылады. Талдау кезінде бӛліп алынған объектілер аумағының бҥкіл 
мәліметі маңыздылығының ӛсу ретімен орналастырылады және модельдеу 
мақсатына сәйкес модельді жеңілдетуге алып келеді.
2. Таңбалық модель. Модельдеу процесіне кіріспес бҧрын, адам қағазға 
алдын-ала сызбалардың болмаса сҧлбалардың моделін тҥсіреді, есептеу 
формулаларын шығарады, яғни қайсыбір таңбалық формада ақпараттық модель 
қҧрады, ол не компьютерлік, не компьютерлік емес болуы мҥмкін. 
3. Компьютерлік модель. Компьютерлік модель - бҧл бағдарламалық орта 
қҧралдарымен іске асырылған модель.
Компьютерлік модельдерге (модельдеуге) зерттеу жҥргізуге мҥмкіндік 
беретін кӛптеген бағдарламалық кешендер бар. Әрбір бағдарламалық ортаның 
ӛз қҧралдары бар және олар ақпараттық объектілердің белгілі бір тҥрлерімен 
жҧмыс істеуге мҥмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет