Бағдарламалық сұрақтар Бөлімнің аты: Нәруыздар. Ферменттер


(ересектер мен балалардағы) туралы түсінік. Эндемиялық зоб, пайда болу себептері



Pdf көрінісі
бет37/57
Дата06.02.2023
өлшемі0,97 Mb.
#65587
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   57
Байланысты:
50 сұрақ

(ересектер мен балалардағы) туралы түсінік. Эндемиялық зоб, пайда болу себептері. 
Тз және Т4 - қалқанша безінің фолликулярлы жасушаларының гормондары. 
Түзілуі және химиялык табигаты: тироидты гормондар тирозиннен түзіледі. 
Тирозин коллоидта бос күйінде немесе 10 полипептидтік тізбектен тұратын тироглобулин 
белогының құрамында кездеседі. Тирозиннің йодтануы 3 немесе 5 орындарда жүреді. 
Әсер ету механизму: Т3 2 механизм аркылы эсер етеді, ал Т4 түгелдей дерлік Т3-ке айналады. 
Нысана-жасушалары: организмнің көптеген мүшелері мен тіндерінде (көкбауыр мен ұрык 
бездерінен басқа) тироидты гормондардың рецепторлары бар. Әсіресе жүректе, бауырда және 
гипофизде рецепторлары көп. 
Биохимиялык әсерлері
-Т3--ң әсерінен оксидоредуктазалардың синтезі күшейеді, сондықтан барлық тотығу-
тотықсыздану реакциялары жылдамдайды, тіндердің оттегіне қажеттілігі артады ,аэробты 
тотығу күшейіп, АТФ түзілуі (калоригенді эффект) артады; 
митохондриялардың саны көбейеді; 
-На+,К+-АТФ-азалардың активтілігін және Na+ мен К'-дің жасушалық мембраналар арқылы 
тасымалдаушыларын арттырады. 
Осы гормондардың әсерінің арқасында организм көп калория алады, АТФ көп түзіледі, дене 
температурасы көтеріліп, жылуға төзімділік төмендейді. 
Көмірсулар алмасуына әсері: ас қорыту жолдарында глюкозаның сіңірілуі артады, 
жасушалардың (бұлшық ет, май тіні) глюкозаны пайдалануы күшейеді, гликолиз, 
глюконеогенез, гликогенолиз үрдістері күшейеді. 
Липидтер алмасуына әсері: липолиз артады, бірақ қандағы БМҚ концентрациясы 
жоғарыламайды, себебі оның жасушадағы тотығуы күшейеді. Тироидты гормондар липидтер 
синтезін де күшейтеді, бірақ бұл гормондардың деңгейі артқанда, липидтердің ыдырауы 
басымырақ болып, оның қоры азаяды. 
Белоктар алмасуына әсері: гормондардың белоктар алмасуына әсері организмнің өсуі мен 
дамуы үшін өте маңызды 
Қалқанша безі қызметінің бұзылуы оның қызметін реттеп отыратын гипофиздің тиротропты 
гормонына тәуелді. ТТГ көп мөлшерде түссе, қалқанша безінің гиперфункциясы байқалады. 
Базедов ауруының клиникалық 
көріністері негізінде тиреоидты гормондардың 
гиперсекрециясы туғызған биохимиялық бұзылыстар жатыр. 
Қалқанша безінің гиперфункциясы кезінде минерал заттардың алмасуы да бұзылады, 
қаңқаның декалыдийленуі, яғни сүйектің минералды заттарының азаюы байқалады, бұл кезде 
қандағы кальций мөлшері қалыпты шамада болады. 
 Қалқанша безінің гипофункциясы кезінде оксидоредуктазалар мөлшерінің төмендеуіне 
байланысты АТФ синтезі үшін қажет энергия жеткіліксіз, жылу түрінде де энергия аз бөлінеді, 
сондықтан науқастың дене температурасы сәл төменірек болады, науқас тоңғыш болып, жылы 
киініп жүреді. Науқастардың есте сақтау, талдау қабілеті, кейде кәсіби дагдылары жойылады, 
олар өзін қоршаган адамдарга селқос қарайды..Балалардағы гипотиреоз кретинизм ауруына 
шалдықтырады.Балаларда 
остеобластардың 
активтілігі 
төмендеп, 
оссификация 
тежелгендіктен, сүйектерінің ұзынынан өсуі баяулайды, бұл бой өсуінің тоқтауына, сүйек 
жүйесі дамуының бұзылуына әкеп соғады. 
Эндемиялық зоб (жергілікті алқым ісінуі)-қоршаған ортада йодтың жетіспеуі салдарынан 
қалқанша безінің үлкеюімен сипатталады. Созылмалы йодтың жетіспеуі без тінінің өсуіне 
және оның функцияларының өзгеруіне алып келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет