Нуржігіт Алтынбеков 255
бірінен ажырата алмаймыз. Бүкіл табиғат мәңгі қозғалыста, бір нәрселер жойылып,
екіншілері онын орнына келіп жатыр. Дидроның ең тамаша ойы: ол материяның
өзіндік ішкі күштерін мойындап және оның қайнар көзін ішкі қайшылықтардан
іздейді.
Адам мәселесіне келер болсақ, Дидро оны басқа тіршіліктер сияқты өзінің
қалыптасу, жетілу тарихынан өтті деген пікірге келеді. Адамның санасы ол
Құдайдың оған берген сыйы емес, ол -материяның даму жолында пайда болған
құбылыс. Ол тіршіліктің күрделену жолында пайда болады.
«Қоғамдық шарт» теориясына сүйене отырып, Дидро корольдің билігінің Құдай
берген билігі жөніндегі сол кездегі кең тараған пікірге қарсы шығып, оны әшкерлейді.
Ол конституциямен шектелген монархияны жақтап, ағарған биліктің қажет екенін
көрсету жолында талай ойларды козғайды.
Адамның өзімшілдігін мойындағанмен, Дидро оны ақыл-оймен тежеп,
баскалардың да мүдделерін түсініп, адам өзін-өзі тежей, шеңберлей алатын дәрежеге
көтерілуі керек деген гуманистік ойларды келтіреді.
Қорыта келе, біз француз ағартушьшарыньщ философия тарихындағы алатын
ерекше орнын тағы да атап өткіміз келеді. Олардың айтып кеткен көп ойлары осы
күнге дейін өзінің өзектілігімен бізді таңғалдырып, ішкі дүниемізде шабыт оятып,
жаңа ой-пікірлерді тудырады.
Өз бетінше дайындыққа арналған сұрақтар: 1. Ағарту философиясының негізгі ерекшеліктері.
2. Деизм дегеніміз не?
3. Дж.Пристлидің саяси және азаматтық бостандықтардың өзара байланысы
жөніндегі идеялары.
4. А.Шефтсберридің мораль жөніндегі ойлары.
5. Дж.Беркли субъективтік идеалистік көзқарасын қалай негіздейді?
Нуржігіт Алтынбеков 256
6. Ш.Монтескьенің «заңдық көзқарас» жөніндегі ойлары.
7. «Географиялық детерминизм» дегеніміз не?
8. Ж.Ж.Руссоның теңсіздіктің пайда болу ы жөніндегі идеялары.
9. Ф.Вольтердің христиан дінін сынауы.