Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет233/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   692
Нуржігіт Алтынбеков 
270 
И.Кант үзілді-кесілді карсы шығады. Оның ойынша, мемлекет арасындағы қару-
жарақ, күш теңдігі ертелі-кеш әрқашанда бұзылады, ал бүкіл дүниежүзілік мемлекет 
халықтардың бостандығын аяққа басар еді. 
И.Канттың ойынша, тек қана бүкіл жер бетіндегі мемлекеттердің ерікті 
федерациясы ғана халықтардың бостандығы мен саяси дербестігін сақтап қалуға 
мүмкіншілік береді. «Ол халықтар одағы болар еді, бірақ ол ешқашанда халықтардың 
мемлекеті болмауы керек», - деп ойлайды И.Кант. Сонымен ол ұлттық мемлекеттің 
өмір сүру кұқын осылайша қорғайды. 
Бүкіл адамзаттық-азаматтық ахуалды жақындату үшін, халықаралық келісімдер 
қатаң сақталып, мемлекеттің ішкі істеріне баскалар араласпай, халықтар арасында 
сауда-саттык, мәдени байланыстарды дамыту қажет. Байқағанымыздай, И.Канттың 
бұл саладағы негізгі идеялары өз заманын озып, бүгінгі уакытта да өзектілігімен 
байқалады. 
И.Канттың философиясы дүниежүзілік философия тарихында өзінің өшпес ізін 
қалдырды. Көп ғалымдардың айтуына карағанда, И.Кант XIX ғ. неміс 
философиясының негізін ғана қалап қоймай, XX ғ. көп философиялық толғауларға 
өзінің әсерін тигізді. 
§ 2. Фихтенің философиясы 
Иоган Готлиб Фихте (1762-1814 жж.) - И.Канттан кейінгі неміс классикалық 
философиясының өкілі. Иена және Лейпциг университеттерінде оқып, білім алған. 
Бір жағынан алғанда, И.Фихтенің өмір сүрген уакыты Ңаполеонның Еуропа 
елдерін жаулап алып, империя құруымен байланысты болса, екінші жағынан, 
Германияның өзіндегі феодалдық қатынастардың іріп-шіріп, буржуазиялық-
демократиялық қоғамға қарай бетбұрысымен байланысты болды. 
Сондықтан И.Фихтенің бүкіл жан-дүниесін баурап алған идея - ол неміс 
халқын азат ету, оған бостандық әперу, екінші жағынан, жеке тұлғаның еріктігі үшін 
күресу, феодалдық адам тәуелділігіне қарсы шығу. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет