Нуржігіт Алтынбеков
471
толыққанды өмір сүруінің құралы етуі керек.
Егер «Хатха-йога» денені жетілдіруге бағытталса, «Раджа-йога» адамның ішкі
өмірін жетілдіреді. «Үштік жолы»
Еңбек, Махаббат, Білімнен тұрады, ол ішкі рухани
өмірдің құрамдас бөлшектерін пайдаланады. Олар
ерік, жүрек, ақыл-ой.
Ауробиндоның «интегралдық йогасында» дәстүрлі йогадағыдай қатаң тәртіп, іс-
әрекеттердің бірінің артынан екіншісінің келуі т.с.с жоқ, сондықтан әр адам өз
табиғатына сәйкес әдістерді қолдана алады. «Интегралдық йогамен» қайсыбір адам,
кандай төменгі дәрежеде болса да, айналыса алады.
Сонымен Ауробиндоның негізгі идеясы руханият пен материалдық өмірді бір-
бірімен ұштастырып, қазіргі дүниеден ләззат алуға ұмтылған, соның бітпейтін
жарысына түскен адамзаттың көпшілігіне алаңдаушылықпен қарап, оны Құдайдың
жолына сілтеу болса керек.
XX ғ. Шығыс философиясының құрамдас бөлігі ретінде Африка континентінде
пайда болған философиялык тебіреністерді де келтіруге болады. «Оянып жатқан»
континенттің ірі ойшылы ретінде
«негритюд» ілімінің негізін калаған
Леопольд
Седар Сенгорды айтуға болады. Оның бүкіл шығармашылық жолын қамтитын негізгі
ой -
Африка мәдениетінің адамзат рухына қоскан үлесі, қара адамдардың ерекше
дүниесезімі мен дүниетанымын көрсету болды. Оның бәрін ол негритюд ұғымымен
береді. Оның ойынша,
негритюд дегеніміз
- қара адамдар әлемі құндылықтаың
жиынтығы. Оларға ол
интуиция мен эмоция (сезімдер)
Достарыңызбен бөлісу: