Нуржігіт Алтынбеков 43
Бірде-бір таным, әсіресе философиялық, қайсыбір саналы адамның іс-
әрекеті белгілі бір әдістерсіз, олар арқылы соған сәйкес методологиялық түсініктерсіз
болуы мүмкін емес. Жаңа Дәуірдегі философия негізін қалаушылардың бірі Ф.Бэкон
адамның дүниетанудағы колданатын әдістерін қараңғыда жол көрсететін шамшырақпен
салыстырған болатын. Орыстың ұлы ғалымы И.П.Павлов: «Ғылымда қолданатын
әдістермен көбінесе зерттеудің нәтижелігі тығыз байланысты. Жақсы әдістер аркылы
өте талантты емес ғалым да көп нәрсені ашуы мүмкін. Ал қолданылатын әдістер
нашар болса, онда данышпан ғалымның өзі бостан-босқа өзінің күш-қуатын
жұмсайды», - деген болатын. Француз ғалымы И.Лаплас ұлы ғылыми жаңалыққа
жеткізген жолды сол жаңалықтың өзінен кем емес екендігі туралы пікір айтқан.
Философия болмыс пен ойлаудың ең жалпы формаларын зерттегеннен кейін,
олардың әдістемелік қызметі объективтік шындықтың универсалды модельдерін жасау
арқылы, сол тұрғыдан жеке ғылымдардың орнын, зерттеуге керек таным кұралдарын
категориялар, заңдар, принциптер, — ұғымдарды анықтау арқылы жүреді. Әсіресе
гуманитарлық пәндерді зерттеуде философияның құндылық, өмірдегі мән-мағыналық
бағытты анықтаудағы қызметін асыра бағалау өте қиын. XX ғасырдағы ғылым мен
техниканың өте тез дамуына байланысты философияның әдістемелік кызметінің де
мәні өсуде.
Бір жағынан, жаңа ғылым салалары пайда болып жатса, екінші жағынан,
әртүрлі ғылым салаларын жақындататын «шекаралық» пәндер дүниеге келіп жатыр.
Қазір
адамзаттың
алдында
неше
түрлі
экологиялық,
демографиялық,
урбанизациялық, ғарыштық т.с.с. мәселелер тұр. Оларды шешу үшін әртүрлі жеке
ғылымдардың басын біріктіріп, үлкен күрделі ғылыми бағдарламаларды жасау керек.
Ал мұның өзі белгілі философиялық көзқарастың, әдістемелік принциптердің негізінде
ғана іске аспақ.
Енді философия жөнінде алғашқы түсініктерді алғаннан кейін, келесі тарауда
біз осы пәннің тарихи жолын зерттейміз, яғни ол - философия тарихы.