Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет521/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   517   518   519   520   521   522   523   524   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
586 
санаға көрсету т.с.с. жолдармен жүріп отырады. 
Қайсыбір тіршілік сияқты, адам да айнала қоршаған ортаның шеңберінде өмір 
сүреді. Алайда оның өмір сүру тәсілі басқа тіршіліктерден мүлде өзгеше. Егерде 
қайсыбір жануар өзінің дене кұрылысы мүмкіндігіне сай айнала коршаған ортаға 
бейімделген, дүниедегі сан алуан кұбылыстардың ішінде тек өз тіршілігіне тікелей, 
я болмаса жанама катысы бар заттар мен құбылыстарды ғана сезініп, тек соған 
сәйкес өмір суретін болса, адам дүниеге өз санасы арқылы универсалды, яғни жан-
жақты қарай алады. Сонымен қатар айнала қоршаған орта нақтылы тарихи өмір сүріп 
жатқан адамдардың таным мүмкіндіктері мен оны игеру деңгейінен әрқашанда асып 
түседі. Олай болса, ол адамдардың Дүниені зерттеп игеру жолындағы шексіз 
мүмкіндіктерін тудырады. 
Дүниетанудағы негізгі мақсат - зерттеліп жатқан заттар мен құбылыстардың ішкі 
сырын ашу, яғни оларды білу. Білім әрқашанда шындықтың идеалдық бейнесі, 
өйткені бірдемені білу дегеніміз сол жөнінде идеалдық түсініктің болуы. Олай болса, 
танымды күрделі үрдіс, ал білімді белгілі бір нәтиже ретінде қарауымыз керек. 
Тарихи ғылыми білім дүниеге келместен бұрын, күнбе-күнгі өмір тәжірибесінен 
пайда болған қарапайым күнбе-күнгі білім дүниеге келеді. Ол адамньщ кәсіби 
танымдық іс-әрекетінен емес, күнбе-күнгі өмірдің қажеттіліктерінен (аң аулау, балық 
ұстау, еңбек құралдарын жасау, үй салу, бала тәрбиелеу, жеміс-жидек жинау т.с.с.) 
пайда болады. Оған күнбе-күнгі өмір тәжірибесінен корытылған халық даналығын 
көрсететін мақал-мәтелдерді, адамгершілік нормаларды, әдет-ғұрыптарды т.с.с. 
жатқызуға болар еді. Осындай өмірлік білімнің негізінде адамдар айнала қоршаған 
ортаны бағдарлай алатын дәрежеге жетеді. Ал ғылыми білімге келер болсақ, ол 
арнаулы білімді меңгеру мен оны шығармашылық жолмен дамытудың негізінде 
пайда болады. Оның қайнар көзі бертінде, ой еңбегінің дене еңбегінен бөлінуінен 
басталады. 
Жүре келе, ғылыми зерттеудің тақырыбына байланысты білімнің әртүрлі 
салалары пайда болады. Табиғатты зерттеудің барысында астрономия, механика, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   517   518   519   520   521   522   523   524   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет