Нуржігіт Алтынбеков
598
дәлелдеуді талап етеді. Кейбір гипотезалар зерттеліп
жатқан құбылыстың себебін
анықтаудың тіпті мүмкін еместігінен пайда болады. Мысалы, ғылымда
таңғаларлық бірнеше ғана мәселе бар. Ол - осы Дүниенің өзі, содан кейін тіршілік, ең
соңында, рухани пенде - адамның өзі қалай пайда болды деген сұрақтар.
Бұл мәселелер жөніндегі діни көзқарастарды жақшаға шығарып қарағанда,
материалистік философия мыңдаған жылдар бойы бұл Дүние мәңгілік өмір сүріп
жатыр деген көзқараста болды. Мәселенің қиындығы - осы Дүниедегі
бірде-бір зат, я
болмаса құбылыстың мәңгілік өмір сүре алмайтындығында, өтпелілігінде еді. XX ғ.
70 ж.ж. астрофизиктер «Ұлы Жарылыс» (Grand Explsion) гипотезасын ұсынды. Бұл
гипотеза Дүниенің мәңгілік еместігін, осыдан 13 млрд.
жыл шамасында вакуумның
жарылуынан пайда болғанын болжайды. Осы гипотеза арқылы Ғарыштағы «инфра-
қызыл сәуле толқындарының ығысуын», «дүниенің кеңею үстіндегі үрдісін» түсінуге
болатын сияқты. Уақыты келгенде (млрд. ж.ж. кейін) бұл Дүние өзінің ішкі
гравитация күші арқылы тартылып,
яғни коллапсқа ұшырап, өз өмірін тоқтатады.
Келесі жарылыс Дүниенің «жаңа үлгісін» әкелуі мүмкін. Мұндай болжамдар адамның
ақыл-ойы, шығармашылығының ғажаптыләғын көрсетпей ме?! Таңғаларлық нэрсе -
осы гипотезаға ұқсас идеяларды осыдан 120 ж. бұрын орыс теософы (teos - құдай, sofia
- даналық) Е.Блаватская өзінің «Құпия дикторина» деген еңбегінде айтқан болатын.
Ал тіршілік мәселесіне келер болсақ, көп гипотезалардың
ішінен академик
Опариннің «каоцерваттық», яғни алғашқы көп минералдық тұздар еріген жылы
мұхитта күн сәулесінің қуаты арқылы сансыз химиялық реакциялардың негізінде тірі
белоктың дүниеге келгені жөніндегі болжамы бізді ерекше тартады.
Адам мәселесіне келер болсақ, ол жөніндегі гипотезаларды біз «Адам болмысы»
тарауында қарағанбыз.
Әрине, жоғарыдағы көрсетілген гипотезаларды теорияға айналдыру өте қиын,
өйткені олардың түп-тамыры млрд. жылдарға кетеді. Ал
шынайы өмірдегі нақтылы
табиғи, я болмаса әлеуметгік саладағы гипотезаларға келер болсақ, олардың
ақиқаттығы ертелі-кеш дәлелденеді. Сонда ғана ол теорияға айналады.
Өмірдің өзі-ақ