Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет535/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   531   532   533   534   535   536   537   538   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
600 
қайталанатын, тұрақты байланыстарын көрсетеді. Әрбір ғылым саласы өз 
заңдылықтарын ашып, оларды өзара байланыстырып, теориялық дәрежеге көтеруге 
тырысады. 
Енді таным методологиясын талдауға уақыт келген сияқты. Қазіргі ғылымда 
сан алуан зерттеу әдістері жасалған. Жалпы алғанда, ғылымдағы таным әдістерін 
үшке бөлуге болады: 
1. Жеке ғылым әдістері 
2. Жалпы дүниетану әдістері 
3. Ең жалпы (универсалды) методологиялар. 
Әрбір жеке ғылым саласы дами келе, өз таным үлгілерін жасайды. Ол - оның 
пісіп-жетілгені, жеке ғылым ретінде өз мәртебесін тапқанының белгісі. Мысалы, 
археология ғылымында қазба әдістері, мәдени қабаттан табылған заттарды сақтау 
үлгілері т.с.с, бар, физика ғылымына келсек, онда спектральдық анализ, тарихи 
тілтану ғылымында салыстыру әдісі бар. Археологиядағы қазба әдісін физикалық 
зерттеуде қолдануға болмайды, сол сияқты физика әдістері арқылы тіл тану мүмкін 
емес т.с.с. 
Жалпы дүниетану әдістеріне келер болсақ, оларды ғылымның әрбір саласыңда 
белгілі бір зерттеу сатысында қолдануға болады. 
Ғылымның эмпирикалық (тәжірибелік) сатысында қолданылатын жалпы 
әдістерге келер болсақ, оларға бақылау, экспериментті жатқызуға болады. Бақылау 
жөніндегі ойымызды жоғарыда айтқанбыз (107-6.)- Экспериментке келер болсақ, ол 
зерттелетін заттың әлі де болса ашылмаған қасиеттерін білу үшін, оны жасанды 
жағдай жасау арқылы зерттеу болып табылады. Оны кейбір кезде «табиғатты 
тергеу» дейді. Бүгінгі таңдағы эксперименттерде ғылыми аспаптар мен жабдықтар 
кеңінен пайдала-нылады. 
Теориялық деңгейде қолданылатын жалпы әдістерге абстрактілеу, жалпылау, 
анализ бен синтез, индукция мен дедукция, экстраполяция, модельдеу, тарихтык және 
қисындық, абстрактіліктен нақтылыққа өрлеу т.с.с. жатады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   531   532   533   534   535   536   537   538   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет