Нуржігіт Алтынбеков 602
деңгейге көтерілгенін тарихшылар егжей-тегжейлі зерттеуде. Қисындық деп заттың
ішкі табиғатынан, Аристотельдің сөзімен айтсақ, энтелехиясынан шығатын түзу
жолды айтамыз. Яғни қисындық дегеніміз қыскартылған тарихтық. Соңғы -
қисындықтың өзге болмысы.
Абстрактіліктен нақтылыққа өрлеу әдісі - ғылымдағы кең қолданылатын және
де қиын тәсіл. Оны жете түсіну үшін «сезімдік нақтылық», «ой нақтылығы» деген
ұғымдардың мәнін ашып алуымыз керек.
Көз алдымызда күнбе-күн кездесетіннін бәрін біз түйсіктеріміз арқылы біртұтас
зат ретінде қабылдаймыз. Оны біз сезімдік нақтылық дейміз. Ол бізге заттың терең
ішкі мәні жөнінде ештеңе айтпайды.
Ой нақтылығы дегеніміз зерттелген заттың абстрактіліқ ұғымдар арқылы ішкі
жан-жақты байланыстары мен қатынастарының бірлігін, олай болса, оның мәнін
ашатын әдіс болып табылады.
Ой нақтылығына жету үшін ең алдымен сезімдік нақтылықтан абстрактіліқ
ұғымдарды жасауға өрлеу қажет. Ол үшін жоғарыдағы көрсетілген біршама тәсілдерді
пайдаланып, белгілі бір тектегі заттардың ішкі қасиеттерін бөлек-бөлек көрсететін
абстрактілік ұғымдарды жинақтаймыз. Яғни сол саланы бейнелейтін категориалық
(ұғымдық) жүйе жасалуы кажет. Бірақ бұл жасалған жүйенің кемшілігі оның
абстрактілігінде. Мысалы, бүгінгі таңдағы саясаттану ғылымында жүздеген ұғымы
бар абстрактіліқ демократия теориясы бар. Ал осы демократия теориясын
нақтылай келгенде, ол әр елде әртүрлі келбетімен көрінеді. Өйткені әр елдің өз
тарихи жолы, мемлекет жөнінде жинақтаған тәжірибесі, әдет-ғұрпы, соған сәйкес
менталитеті (ой өрісі) т.с.с. бар. Сондыктан Қазақ еліндегі демократиялық үрдістің
нақтылы теориялық моделін жасау үшін, сол абстрактіліқ ұғымдарды пайдаланып,
абстракті-ліктен нақтылыққа өтуге болады. Сонда ғана біз ой нақтылығына өтеміз.
Диалектика және метафизика