Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет539/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   535   536   537   538   539   540   541   542   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
604 
Бүкіл Дүние қозғалыс пен дамуда, ал оның қайнар көзі - ішкі қайшылықта екенін 
барлық ғылым салалары бүгінгі таңда дәлелдеді. Олай болса, қайсыбір зерттеуде 
заттың ең алдымен ішкі қайшылығы ашылып, оның өзіндік қозғалысы, өзгерісі 
анықталуы керек. Ол үшін ойлау категориялары да бір-бірімен тығыз байланысты, 
сонымен қатар қайшылықты, бір-біріне өтетін дәрежеге көтерілуі қажет. 
Дүниедегі барлық заттар мен құбылыстар бір-бірімен сансыз неше түрлі 
байланыста болғаннан кейін, диалектикалық методологияның зерттеуші алдына 
қоятын келесі талабы - заттың неше түрлі байланыстарын жан-жақты зерттеу. 
Әрине, ол байланыстардың шегіне жетіп, барлығын қамту мүмкін емес. Дегенмен де 
мейлінше көбірек қамту бізді қателіктерден сақтайды. 
Дүниеге келген әрбір зат өне бойы бір орында тұрып қалмайды. Ол өзгеріске 
ұшырап, неше түрлі сатылардан өтеді, ақырында, өмірден озады. Сондықтан 
диалектиканың негізгі талаптарының бірі - зерттелетін объектіге тарихтық тұрғыдан 
қарау. 
Дүниеге әр зат өз қайталанбас болмысымен келеді, сонымен қатар басқа 
заттармен ортақ қасиеттері арқылы бірігіп, байланысады. Олай болса, әр зат өз 
ерекшелігімен құнды. Сондықтан қайсыбір зерттеудің негіздерінің бірі болып 
нақтылық қағидасы жату керек, өйткені барлығына бірдей абстрактілік ақиқат 
танымда ешқашанда болған емес. 
Диалектиканың әрбір категориясының методологиялық мәні бар, өйткені олар 
Дүниенің сан қилы жақтарының ең жалпы, мәнді байланыстарын бейнелейді. Ал Дүние 
қайшылықты жаратылғаннан кейін, диалектикалык категориялар пар-парымен бірге, 
сонымен қатар кайшылықты болып келеді. Сондықтан қайсыбір сандық өзгерістер 
ертелі-кеш заттың өлшемін бұзып, жаңа сапаның пайда болуына, себеп салдарға, 
шындық жаңа мүмкіндіктің пайда болуына, кездейсоқтық қажеттіктің іске асуына 
т.с.с. әкеледі. 
Енді диалектикаға қарсы келетін метафизикалық методологияны талдау үшін, ең 
алдымен осы ұғымның мағынасын анықтау керек. Уақытында Аристотельдің болмыс 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   535   536   537   538   539   540   541   542   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет