Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет540/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   536   537   538   539   540   541   542   543   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
605 
іліміне арнаған «Бірінші физика» атты еңбегін Андроник Родосский «Метафизика» 
(физиканың ар жағында деген мағына береді) деген атпен жарыққа шығарған болатын. 
Сол уақыттан бастап осы күнге дейінгі бұл категорияның негізгі мағынасы - болмыс 
ілімі, табиғаттың ар жағында жатқан терең философиялық мәселелерді талдау. 
Мысалы, «бұл Дүние шектелген, я шексіз бе, мәңгілік, я уақытша ма?», «ақиқат, 
ізгілік, әсемдік, бақыт дегеніміз не?», «Құдай бар ма, я жоқ па?» т.с.с. 
Жаңа дәуірде Г.Гегель бұл категорияға екінші мағына берді. Ол - диалектикалық 
методологияға қарсы тұрған даму тұжырымы. Олай болса, метафизика дамуға қандай 
тұрғыдан қарайды деген заңды сұрақ туады. 
Қозғалыс, дамудың қайнар көзін метафизика сыртқы ықпал, себептен көреді. 
Осы тұрғыдан алып қарағанда, мысалы. тұлғаның білім алуы оған білім беретін 
мұғалімдердің сапасына байланысты (сыртқы ықпал). Бірақ сол адамның білімге деген 
құштарлығы, білгені мен білмейтіні арасындағы ішкі қайшылық оның жүрегінде от 
болып жанбай, ол қандай керемет оқытушы, академиктер сабақ берсе де, терең білім 
ала алмайды. Керісінше, ондай ішкі талпыныс болса, ол өз белсенділігі арқасында 
жақсы маман болып шығуы ғажап емес. Бүгінгі өмірде «Мен шетелден оқып келдім», 
- деп «ысқырығы жер жарғанмен, айдағаны бір-ақ ешкі» азаматтарды жиі кездестіруге 
болады. Оларды шетелдерде оқытуға әке-шешелерінің колы жеткенмен, балалары 
үміттерін ақтамайды. 
Метафизика дамуды «заттың бірте-бірте үлкеюі, я болмаса кішіреюіне» теңейді. 
Мысалы, ананың ішіндегі пайда болған ұрык, метафизикалық тұргыдан қарағанда, 
кішкентай аяқ-қолы, басы бар адам. Ол ананың ішінде 9 ай үлкейіп-өсіп, дүниеге келеді. 
Ал қазіргі ғылым мұндай көзқарастың дұрыс еместігін көрсетіп отыр. Шынында, 
ұрық 9 айдың ішінде бүкіл тіршіліктің млрд. жылдар бойы өткен жолын кысқаша 
қайталап өтеді. Ал дүниеге келген жас сәби тұлғалық қасиетке ие болу үшін, 
негізінен, 3 жасқа шейін халықтың мыңдаған жылдар бойы дамытқан тілін 
меңгеріп, «мендік» сезімге жетеді. Мұны ғылыми тілде онтогенездің (нақтылы 
организм) филогенезді (тектің дүниеге келіп, өмір сүруі) кайталауы дейді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   536   537   538   539   540   541   542   543   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет