Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет542/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   538   539   540   541   542   543   544   545   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
607 
оқыңыз)
Софистика деп саналы түрде жалғанды ақиқат деп, болмаса, керісінше, дәлелдеу 
әрекетін айтамыз. Ол, бір жағынан, коғам өмірінің күрделілігі, оның шеңберіндегі 
топтардың әртүрлі мүдделерінің болуы, екінші жағынан, саясатта үстем топтың өз 
мүддесін іске асыру жолындағы іс-әрекетінен шығатыны сөзсіз. Мысалы, бүгінгі 
таңдағы аса өткір мәселе - халықаралық терроризмді алар болсақ, оның шынайы 
кайнар көзі жыл сайын сарқылып келе жатқан энергия ресурстарын зорлық-
зомбылық жасап, күші келген-дердің қайта бөлу әрекетінен туындайды. Нақтылай 
келсек, 2003 ж. басталған Ирактағы соғысқа кінәлі -- Саддам Хусейннің саяси режимі 
емес (ақырында, сол елді АҚШ басып алып, қанша іздесе де, бірде-бір адамзатка қауіпті 
қару-жарақ таппай қойды), АҚШ-тың сол елдің мұнайын өз қолына алуына 
бағытталған іс-әрекеті жатқаны сөзсіз. Бірақ сол елдің әкімшілігі неше түрлі 
софистикалық «дәлелдемелерді» пайдаланып, халықаралық қауымдастык алдында 
төккен абыройын жуып-шайып жатқаны
Эклектикаға (eklektikos қанша іздесе де, грек сөзі, таңдау) келер болсақ, ол 
адамның саналы түрде белгілі бір саладағы әртүрлі ымыраға келмейтін құбылыстарды 
таңдап, бір арнаға құю әрекетінен пайда болады. 
Синергетика методологиясы 
Әрине, ғылымтану методологиясы да бір орында тұрып қалмайды. XX ғ. 80 ж.ж. 
Батыста «синергетика» (бірге іс-әрекет жасау мағынасын береді) ілімі пайда болды. 
Оның негізін қалаған И.Пригожин мен Г.Хакен болды. Синергетика - ашық және өз-
езіне толығынан тең емес жүйелердің өзіндік ұйымдасуы мен өзгеру, даму 
заңдылықтарын зерттейтін ілім. Ал енді осы берілген анықтаманы талдап көрелік. 
Расында да, бұл Дүниеде бәрі де бір-бірімен байланысты болғаннан кейін, «жабық 
жүйе» болуы тіпті де мүмкін емес. Бұрынғы Кеңес қоғамының артта қалуының 
себептерінің бірі Батыс елдерінен өзін жабық ұстағысы келгені емес пе? Ал соғыстан 
кейінгі Албанияны алсақ, Батыс пен Шығыстан жабылған ол ел Еуропаның нақ 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   538   539   540   541   542   543   544   545   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет