Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет543/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   539   540   541   542   543   544   545   546   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
608 
ортасында болса да, қайыршылыкқ деңгейге жеткен жоқ па? 
Ашық жүйе, әрине, ешқашанда өз-өзіне толық тепе-тең болмайтыны да айдан-
анық, өйткені ол жүйеге неше түрлі басқа заттар мен құбылыстар өз әсерін тигізбей 
қоймайды. Бірақ бүкіл Дүниені біртұтас «Үлкен Жүйе» ретінде карасақ, онда оның 
тепе-теңдігін кім, я болмаса не бұзады деген сұрақ пайда болуы мүмкін. Қазіргі ғылым 
оны вакуумнан көреді. 
Енді «өзіндік ұйымдасу» ұғымына келер болсак, бұл идея философия тарихында 
көптен бері бар. Материяның ішкі өзіндік күші арқылы дамуға мүмкіндігі бары 
жөнінде уақытында Б.Спиноза, К.Маркс сияқты ойшылдар айтқан болатын. Бірақ өлі 
табиғатты зерттейтін жаратылыстану ғылымдарында көпке дейін «теормодинамиканың 
екінші бастамасы», яғни табиғатта болып жатқан энтропия (ыдырау, хаосқа айналу) 
заңы «өзіндік ұйымдасу» идеясына өз кедергісін тигізген болатын. Сондықтан 
биология саласына Ч.Дарвин енгізген «эволюция, күрделену» заңдылықтары, жалпы 
жаратылытану ғылымында үлкен қайшылық тудырды. Бір жағынан, энтропия 
заңдылығы Дүние бара-бара суып, тұрпайыланып хаосқа айналады десе, екінші 
жағынан, биология ғылымы тіршіліктің өне бойы күрделенуін мойындады. Міне, 
синергетика ілімі осы қайшылықты шешеді. 
Синергетика ғылымы хаостың жасампаздық бастамасын, эволюциялық үрдістегі 
конструктивтік, тәртіпті тудыру мүмкіндігін көрсетеді. Бір жағынан, Дүниеде ыдырау, 
шашылу, тарау үрдістері жүріп жатса, екінші жағынан, күрделену, тәртіпке келу, 
дамуды байқауға болады. 
Енді өзгеру, даму заңдылықтарына келер болсак, ол Дүниедегі барлық заттар мен 
кұбылыстарға (өлі, тірі табиғатқа, қоғам өміріне, ой өрісі дамуына) ортақ болып 
шықты. Синергетика ілімі бойынша, даму барысындағы ашық та тепе-теңдікте емес 
жүйе алғашында бірте-бірте күрделене және тәртіптене түсіп, ақырында өзінің 
бейтұрақтық бифуркациялық (әр тараптық) нүктесіне келіп тіреледі де, оның алдында, 
практикалық түрде, әрі қарай тұрақты дамудың сан қилы жолдары ашылады. Жүйенің 
қай жолға түсетіні белгісіз, тек оны анықтайтын - «Ұлы Мәртебелі Кездейсоқтық». 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   539   540   541   542   543   544   545   546   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет