Нуржігіт Алтынбеков 613
білім беру жүйесінде «педагогикалық технологиялардың» т.с.с. неше түрлерін көріп
те, естіп те жүрміз. Қайсыбір затты жасау үшін белгілі бір шикізатты әкелу (көлік),
содан кейін оны өңдеу (технология), осы жолда біршама күш-қуат жұмсау (энергия)
және шешім қабылдау мен оның іске асуын бақылау (контроль) керек. Тарихтың
алғашқы сатыларында оның бәрін де адамның өзі жасады. Бірақ, жүре келе,
жануарларды үйретіп, көлік ретінде пайдалана бастады. Үй салу жолында адам неше
түрлі тастарды жоғарыға көтеретін алғашқы дәнекерлерді жасайды да, соңынан
оның ішкі сырын ашып, механиканың алғашқы қағидаларын тудырады. Содан
кейінгі үлкен жаңалық -адам су шығыршығын ойлап шығарып, ағыс күшін игерді,
нәтижесінде су диірмені пайда болды. Бұл алғашқы технологиялық машинаның дүниеге келуі еді. Онда қозғаушы күш, оны жеткізу, жұмыс жасау механизмдері бірге
берілген. Жүре келе, ғасырлар шеңберінде олар бір-бірінен бөлініп, қозғаушы
механизмдер, оны жеткізу және технологиялық машиналар пайда болады. 18-ғ.
аяғында технологиялық машиналарды жасауда нағыз төңкеріс болды: жіпті иіретін, мата тоқитын машиналар дүниеге келді. Бу күшіне негізделген қозғалтқыштар пайда болып, мұның өзі алып өндірістер - фабрикалардың дүниеге келуіне себеп
болды. XX ғ. дүниеге келген электр күшіне негізделген жеке қозғалтқыштар әрбір
машинаның құрамдас бөлігіне айналып, өндірісті әрі қарай дамытты.
Алайда қандай машиналар жасалса да, оларды бақылап басқаратын адам болды.
Бірақ ол да XX ғ. көп ұзамай, автоматтандырылған өндіріс ошақтарымен ауыстырыла басталды. Бүгінгі таңда дамыған елдерде көп өндіріс ошақтарында
автоматтандырылған цехтар жиі кездеседі. Мысалы, автомобильдерді шығаратын
зауыттарда, машина қорабын жасау, оны бояу, т.с.с. жұмыс түрлері автоматтар мен
роботтарға берілген.