Нуржігіт Алтынбеков 615
коғамның қай саласында болмасын күрт өсуі. Егер білімнің еке есеге есуі адамзат
тарихында 1 ғ. бастап 1750 жылға дейін созылса, келесі екі есе өсуі 1750-1900 жж., ал
XX ғ. 50-ақ жылда екі есеге өсті. Ғалымдардың айтуына карағанда, бүгінгі жер
бетіндегі метрлік толқындағы радиосәулелердің деңгейі Юпитер мен Сатурн сияқты
планеталардан асып түсіп, тек Күннен ғана кем болып тұр, сонымен қатар ол
Ғарыштан байқауға болатын дәрежеге жеткен. Сонау көне заманнан бастап ақпаратты
таратудың негізгі құралы ретінде жазу колданса, ал кітап арқылы білім Орта
ғасырдан бастап таратыла бастаса, XX ғ. радио, теледидар, телефон, телеграф сияқты
электрлік кұралдар пайдаланылды. 70-ші жылдары компьютерлік электрондық
құралдар кеңінен өмірде қолданылып, білімді тарату мен қолданудың
мүмкіншіліктері көптеген есе өсті. Акпарат негізгі тұтыну тауарына айналды. Сол
себепті бүгінгі таңда дамыған елдерде материалдық өндірісте тек халықтың 24-26%-
ы ғана істейді. Керісінше, рухани өндірістегі адамдардың саны 36-38%-ға
жеткен! Өйткені өндіргіш күштер өскен сайын материалдық өндіріске керек
адамдардың саны да соған сәйкес азая бермек. Ақпараттық қызмет көрсету саласы
дамыған елдерде бүгін бүкіл экономиканың 50%-ынын асады екен! Сонымен
ақпарат ең кұнды тауарлардың қатарына кірді. Олай болса, ұлттық акпарат
ресурстары сол коғамның негізгі байлығы болып есептеледі. Енді оның ғажап
ерекшелігі мынада. Мысалы, сіз мың дана көйлектің 500-ін сатсаңыз, сізде 500-і
калады. Ал 1000 бит ақпарат сатсаңыз, оның құнын аласыз да, сонымен катар сол
1000 бит колыңызда бұрынғыдай қала береді!
Олай болса, қазіргі қоғамның негізгі капиталына адамдардың қабілеттері, табиғи
дарындары, оларды дамытып, тиімді пайдалану жататыны айдан анық. Қай ел өз
адамдарының шығармашылық мүмкіндіктерін гүлдетіп, тиімді пайдалана алса, табиғи
байлықтары аз болса да, өркендеп алғы шепке өтіп кетуі мүмкін. Ол үшін білім
саласына көп көңіл бөлінуі керек.
Сондықтан да біздің жас мемлекетімізде де білім беру саласына, оның дамуына
көп көңіл бөлінуде. Бұл салада тәуелсіздік жылдары көп өзгерістер пайда болды.