Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет553/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   549   550   551   552   553   554   555   556   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

шешуші рөлі, өйткені білім беру жүйесінде адам заманның талабына сай тұлғаға 
айналуы кажет. Бірде-бір техникалық құрал ¥стаздың орнын ауыстыра алмайды. 
Ол - білім беру жүйесінің арқауы. Олай болса, қоғам өміріндегі оның мәртебесін 
көтеру, оның материалдық ахуалын жақсарту арқылы білім беру жүйесін шынайы 


Нуржігіт Алтынбеков 
618 
дамытуға болады. Қазақстан интеллигенциясының шығар-машылық потенциалы 
жеткілікті. Біздің жастар да талантты. Олай болса, бұл саладағы саясат осы 
мүмкіндіктерді шындыққа айналдыруға бағытталуы керек. 
Рефераттар тақырыптары: 
Философиядағы таным ілімі; 
Танымның практикалық табиғаты; 
Танымдағы ақиқат мәселесі; 
Сезімдік танымның ерекшеліктері; 
Рационалдық танымның құрылымы; 
Қазіргі ғылымның ерекшеліктері; 
Танымның жалпы әдістері; 
Диалектика және метафизика; 
Абстрактіліктен нақтылыққа өрлеу таным жолы; 
Синергетика ілімінің методологиялық мүмкіндіктері; 
Өз бетінше дайындыққа арналған сұрақтар: 
Сезімдік танымның формаларын келтіріңіз. 
Интуиция (ішкі көкей көз) дегеніміз не? 
Ақиқат дегеніміз не? 
Ақиқатқа жетудегі жаңылу мен жалғанның айырмашылығын көрсетіңіз. 
Танымдағы әдістердің қызметі қандай? 
Теория дегеніміз не? 
Экспериментті кейбір кезде неге «табиғатты тергеу» дейді? 
Категориалдық синтез дегеніміз не? 
Дедукция кеңінен қай ғылымдарда қолданылады? 
Қазіргі ғылымдағы моральдық құндылықтар маңызы өсуінің себебі неде? 


Нуржігіт Алтынбеков 
619 
XV тарау. Әлеуметтік философия. Қоғам болмысы 
§ 1. Қоғам ұғымы 
Болмыс категорияларын талдай келе, енді бүгінгі таңдағы ғылымға мәлім ең 
күрделі дәрежеде ұйымдаскан қоғам болмысына келіп тірелдік. Өйткені біз білетін 
Ғарыштағы Жер бетінде өмір сүріп жатқан саналы пенде - адамдар - бір-бірімен бірігіп, 
сан-қилы қарым-қатынастарға түсіп қоғамды құрайды. 
Қоғам ұғымының орнына көп жағдайда оған мән-мағынасы жағынан жақын 
категориялар колданылады. Сондықтан ең алдымен біз оларды бір-бірінен айыра 
білуіміз қажет. «Ел» және «қоғам» категорияларын салыстырсақ, біріншінің 
географиялық жағы басым. Мысалы, Қазақ елі Азия құрылығының ортасында, 
мұхиттардан алыс орналасқан ел. «Қауым» және «коғам» категорияларына келер 
болсақ, біріншіге отбасы, ру, тайпа, халық, ұлт секілді әлеуметтік ұйымдасу 
формалары жатады. Ал «мемлекет» пен «қоғамды» салыстырсақ, ол мүхиттағы 
айсберг сияқты: судың бетіндегі көрінетін алып мұздың кішкентай ғана бөлігі
- ол мемлекет болатын болса, су астындағысы - қоғам. Қоғам өміріндегі сан алуан 
карым-қатынастардың ең негізгілерін ғана мемлекет заң арқылы ретке келтіре 
алады, қалғандары әдет-ғүрып, моральдық, эстетикалық, т.б. әлеуметтік 
нормалардың негізінде қалыпқа келеді. Кең түрде алғанда, қоғам деп
адамдардың арасында қалыптасатын сан алуан байланыстар мен қарым-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   549   550   551   552   553   554   555   556   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет