Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет559/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   555   556   557   558   559   560   561   562   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
625 
топқа жататынын көрсететін категория. Сословиелік капитализмге дейінгі 
қоғамдарда әлеуметтік статус адамға туа беріледі. Еріктінің отбасында дүниеге 
келсең - еріктісің, құлдың баласы болсаң - құл болып кала бересің, шаруаның статусы 
сол қалпында оның өмірін анықтайды, саудагердің баласы сол іспен айналысады, ал 
ақсүйектің отбасында тусаң, еш нәрсе жасамасаң да, үстем таптың мүшесі болып, 
әртүрлі жеңілдіктерге ие боласың. Бір топтан екіншіге өту - мұндай жағдайда өте киын 
шаруа 
Бүгінгі қоғамға келер болсақ, адам өз белсенділігі, табиғи дарыны, тапқырлығы, 
білім деңгейі т.с.с. арқасында әртүрлі статусқа жетуі мүмкін. Мысалы, біздің 
Елбасы қарапайым шаруаның отбасында дүниеге келіп, әртүрлі өмір сатыларындағы 
статустарға жетіп, ақырында, бүгінгі ең биік лауазым иесі болып отыр. Егерде қоғам 
тұлғаның белсенділігі арқасында жоғарыға көтерілуіне мүмкіндік ашса, ондай 
қоғамды «ашық қоғам» деп айтуға болады. Мысалы, бүгінгі таңдағы Қазақстан 
қоғамын «ашык қоғам» деп әбден айтуға болады. Соңғы жылдары қаншама жастар өз 
белсенділігі, тапқырлығы, білімі аркасында биік статустарға жетіп жатыр! Жас дос, 
қажымай-талмай терең білім алып, сен де өз бағыңды сынап көр!«Жабық» және 
«ашық» қоғам деген ұғымдарды кейбір жағдайда казіргі саясаттануда тоталитарлық 
және демократиялық қоғамдарды салыстырғанда қолданады. Мысалы, бұрынғы кеңес 
қоғамын «жабық коғамға» жатқызады. Өйткені ол қоғамда идеология кең орын 
алып, шетелдерде болып жаткан өзгерістер халыққа «өлшемді түрде» ғана 
көрсетілді, шетелдік газет, журналдарды таратуға тыйым салынды, халықаралық 
сауда толығынан мемлекеттің қолында болды т.с.с. 
Қоғамның белгілі бір саласындағы әлеуметтік рөлдер мен статустар жиынтығы 
әлеуметтік институт (орнығу) деген ұғымды тудырады. Қоғам өміріндегі әртүрлі 
әлеуметтік институттар неше түрлі әлеуметтік нормалар арқылы адамдардың іс-
әрекеттерін белгілі бір жолға қойып, оны қадағалап отырады. Егер адам оның 
талаптарын бұзса, оған неше түрлі санкциялар қолданылуы мүмкін. Әлеуметтік 
институттарға отбасын, балабақша мен мектепті, жоғары оку орнын, еңбек ұжымын, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   555   556   557   558   559   560   561   562   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет