Нуржігіт Алтынбеков 631
Екіншіден, марксизмді сынаушылар: «Егер адамның барлық қажеттіліктерін өтей
алатын ахуал дүниеге келсе, онда дереу қоғам іріп-шіри бастар еді», - деген пікір
айтады. Өйткені адамға еш нәрсе қажет емес, ондай жағдайда адамның саусағы да
қимылдамайды емес пе деген сауал қояды. Әрине, біз адамды тек қана дене ретінде
қарасақ, бұл пікірді терістеу қиын. Онда бақыт, өмірдің мәні тек қана ішіп-жеп,
дүниеден тәндік-сезімдік ләззат алуда болса керек. Мұндай көзқарас, мәселеге
тереңірек үңілсек, адамды жануарға теңеп, оның қадір-қасиетін аяққа басады, оның
«жиырылған ғарыштық» Дүниедегі ерекше рөлін түбі жоқ тұңғиыққа батырады
Сондықтан да болар, кейбір билікке ұмтылғандар, шындыққа айналмайтын уәделер
беріп, қалың бұқараны алдап-арбап, оны жеңіл түрде оңға-солға, керек жаққа
бұрылатын тобыр ретінде карайды. Мұндай ахуалды бүгінгі таңда біз кейбір
материалдық жағынан дамыған елдерден байқаймыз. Өкінішке қарай, сонау Қайта
өрлеу заманынан басталған Батыс елдеріндегі өмірдегі материалдық-сезімдік бағыт
бүгінгі күнге шейін созылып, терең рухани-адамгершілік дағдарысқа әкелгенін
дүниежүзілік зайырлы қауым көріп отыр. Алайда бұл өмірлік жолдың адамзатты
тұйықтыкқа, я болмаса ядролық соғыс арқылы өзін-өзі өлтіруіне әкелетінін болжау
қиын емес. Расында да, материалдық игіліктер әрқашанда шектелген. Егер адамзаттың
дамыған елдердегі «алтын миллиард» аталған бөлігі өлшемнен жоғары тұтынуды
өмірлік мақсат-мұратқа айналдырып, ал келесі артта қалған елдердегі миллиардқа
жуығы күнбе-күн аштықтың зардабын көріп, жыл сайын 70 миллионға жуығы өліп
жатса, жер бетіндегі шиеленіс, экстремизм мен терроризмнің өршімесіне кім кепілдік
бере алады?
Бірақ адамзаттың әртүрлі заманда өмір сүрген барлық кемеңгерлері - Сократ пен
Анарыстан бастап, Абай мен К.Ясперске дейін - адамның рух екенін шаршамай айтып
келген болатын. Өкінішке карай, бүгінгі таңға шейін рухани-адамгершілік жолында
адамзат өте кабілетті окушы болып отырған жоқ. Алайда болашақта тек осы жолда
ғана адамзат өзін-өзі сактап қалуы мүмкін.
К.Маркстің коммунистік теориясына бүгінгі таңда қандай баға беруге болады?