Нуржігіт Алтынбеков 637
Н.Я.Данилевский күмән келтіреді. Сонымен славян тілдері мен мәдениеті шарықтап
дамып, ал қалған кішігірім халықтар осы «мәдени-тарихи типті» безендіріп, сонымен
катар мәресіне жетпей құрып кетеді екен.
Алайда Н.Я.Данилевскийдің бұл жасанды империялық-үлтшылдық тұрғыдан
жасаған конструкциясын тарих ақтамады. Бүгінгі таңда көне түріктердің тарихын
жалғастырып келе жаткан казақ халкы неоренессанс үрдісінде. Оны бүкіл
дүниежүзілік кауым мойындады. Бүкіл жер бетіндегі түрік дүниесі өз-өзін адамзатка
көрсетіп, орнын анықтау барысында бірте-бірте жақындасуда. Ал Қытай мен Үндістан
цивилизацияларына келер болсақ, олар бүгін тұйықтықтан шығып, нағыз өрлеу үстінде.
Тарихи сопылықка өз үлесін қосып, уақытында үлкен қызығушылық тудырған
Освальд Шпенглер (1880-1936 жж.) болды. Оның ойынша, тарихта әртүрлі
мәдениеттер өз-өзін тудырып, гүлдеп, акырында өмірден озады. Тарихтағы әрбір
мәдениет дара, өзінің ішкі қайталанбайтын құрылымымен көрінеді. Бір мәдениеттің
шеңберінде өмір сүрген тұлға екінші мәдениеттің ерекшелігін толығынан ешқашанда
ұға алмайды. Сондықтан оларды тек сырттай салыстыру арқылы ғана бағалауға
мүмкіндік аламыз.
Әрбір мәдени типтің тарихтағы өмір сүруі шамамен 1200-1500 жылға
созылады. Әрбір мәдениет «жастық шағынан өтіп, есейе келе» өз жұмсақтығы мен
шабытынан айырылып, қатая бастайды. Өмір мұздаған салқын лебізді ақыл-ой
(рационализм) торына түсіп, тікелей шындықтан өрбитін шабыт, шығармашылық
техникалық үстемдікке ауысады. Ақырында мәдениет цивилизацияға ауысып,
қоғамның алып материалдық денесі оның рухын тұншықтыра бастайды. Еуропаның
күйреуі осыдан басталады.
XX ғ. ортасында ағылшын ғалымы Арнольд Тойнби (1889-1975 жж.) цивилизациялық талдаудың жаңа түрін дүниеге әкеледі. Оның ойынша, тарихтағы
әрбір цивилизация қоршаған ортаға бейімделудің негізінде өзіне тән рухани
құндылықтарын, шаруашылық формаларын жасайды. Сондықтан жер бетіндегі