Нуржігіт Алтынбеков 644
себебін анықтау жолында XX ғ. бас жағына қайта оралуға тура келеді.
Өйткен себебі, патшалық Ресей осы кезде бұрын-соңды оның тарихындағы
болмаған терең де жүйелі дағдарысқа тап болғанын байқаймыз. ¥лттық буржуазия
табы әлсіз, сонымен қатар билікпен өте тығыз байланыста болғаннан кейін, олар
заман талабына (ол елдегі феодалдық қатынастарды түбірімен жойып, буржуазиялық-
демократиялық жолға түсу қажеттілігі болатын) тиісті жауап берудің орнына,
«кішігірім жеңісті соғыс арқылы» ішкі қайшылықтарды шешкілері келді. Бұл жолда
олар ең алдымен орыс-жапон соғысында өздерінің алып денесі болса да, аяқтарының
саз екенін көрсетті, өйткені бір ғана айдың ішінде жапондықтар Ресейдің бүкіл теңіз
флотын суға батырып, құртып жіберді. Соңынан Бірінші дүниежүзілік соғыста екінші
рет соққы алып, қайшылықтың өте өрбуі себепті большевиктер өкімет басына келген
болатын. Көп жылдарға созылған дағдарыстан ашынған ауыр жағдайдағы халықтың
көңіл күйін пайдаланып, большевиктер социалистік бетбұрыс арқылы барлық
мәселелерді шешуге ұмтылды. В.И.Ленин оны марксизмге енгізілген шығармашылық
жаңалық ретінде есептеді.
Қалай дегенде де, большевиктер бүкіл ұлттық байлықты мемлекеттің қолына
өткізіп, барлық табиғи және адами ресурстарды «жаңа қоғамды орнатуға» жұмсады.
Бұл ауыр да тайғақ жолда миллиондаған адамдарды құрбан етіп, олар заман талабына
өзінше жауап берді, яғни елді индустриялап, халықтың сауатын ашты.
Бұл төңкерісте әсіресе орны толмас апатка ұшыраған казақ халқы болды. Оны
«жаңа өмірге» большевиктер бүкіл малын тартып алып, зорлап жерге отырғызудан
бастады. Малынан айырылған халықтың жартысына жуығын геноцидке ұшырап,
тіпті
кейбір ауылдарда өлгендерді жерлейтін адамдар да калмады. Егер осы апаттан
халық аман қалғанда, бүгін Қазақ елінде 20 млн. артык қазақтар өмір сүретін еді (басқа
халықтардың өкілдерін есеп-темегеннің өзінде). Сонымен бүгінгі демографиялық
мәселелердін түп-тамыры сол өткен ғасырдың 20-шы жылдардың аяғы, 30-шы
жылдардыд басында жатқанын байқаймын.