Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет579/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   575   576   577   578   579   580   581   582   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
645 
Бұл тарихи кезекті жаңарудың, көрініс, оң жактары да болды, оны ешбір адам 
терістей алмайтын болар. Ол Совет елінің қуатты индустриалдық елге айшлуы, көп 
қалалар мен ауыл кешендерінің пайда болуы, бүкіл халықтың сауатының ашылуы, 
жогары білім беестін мекемелер, театр. консерватория, кітапханалардың пайда болуы 
Т.с.с. 
Алайда тарихи уақыты әлі келмеген, жасанды түрде зорлық-зомбылық арқылы 
орнатылған бүл коғам XX ғ. 70-ші жылдарынан бастап-ақ үлкен дағдарыска ұшырады. 
Оның жағдайын түснікті болу үшін былайша салыстыруға болады. Егер сіз көктемде 
екі жас алма ағашын: біреуін құнарлы жерге, екіншісін сортаңға отырғыз-саңыз, бір-екі 
жылдың ішінде бірінші ағаш тез қарқынмен өсіп, жемісін бере бастайды, ал екінші 
ағаш біршші жылы сарғайған жапырақтарын шығарып күзге шейін тұрады да, келесі 
көктемде өмірден кетеді. Міне, жасанды түрде артта қалған мемлекетте тарихи 
кезекті сатыларды аттап өтіп, зорлық арқылы орнатылған социалистік қоғам сортаңға 
егілген ағаш сияқты өмірден кетті. Біз бүгін уақытында большевиктердің аттап өткен 
сатысына қайта оралып, буржуазиялық-демократиялық жолмен жетіліп келе 
жатырмыз. 
Енді бүгінгі күрделі өзгерістегі Қазақстан қоғамын цивилизациялық жолмен 
талдасақ, онда біз казіргі постиндустриалдық елдердің қолы жеткен өндіргіш 
күштерінен анағұрлым артта қалғанымызды байқаймыз. Сондықтан негізгі мақсат 
дамыған елдердегі жаңа экономикалық жағынан тиімді, экологиялық таза 
технологияларды игеріп қана коймай, қоршаған ортамызға сай келетін өз 
технологияларымызды жасау болмақ. Біз кедей елдердің қатарында болғаннан кейін, 
ол үшін шетелдерден инвестицияларды (қаражат) тартып және жекеменшіктің 
негізінде қорланған ұлттық капиталды тиімді пайдалануымыз кажет. Сонымен қатар, 
әрине, біз бүкіл дүниежүзілік қарым-қатынастарға толыкқанды дербес мемлекет 
ретінде кіру жолымызда өзіміздің төл мәдениетіміз бен рухани кұндылықтарымызды 
жойып алмауға тырысуымыз керек. 
Осы ауыр да жауапты жолда біздің жас мемлекетіміз біршама ауқымды істерді 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   575   576   577   578   579   580   581   582   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет