Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет586/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   582   583   584   585   586   587   588   589   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
652 
жөнінде тебіреністе болу, тұлғаның шығармашылық іс-әрекетінің арқасында өмірде 
өзінің өшпес ізін қалдыру, жер бетіндегі ғажап окиғаны тіршілікті - гүлдетіп сақтап 
қалу болмақ. 
Сонымен экономика саласы адамның күнбе-күнгі өміріндегі қажеттіліктерді 
қамтамасыз етеді. Алайда бұл қоғамның өмір сүруінің негізгі факторы болса да, оның 
бір жағы ғана. Екінші жағы - сол адамның өзін нактылы тарихи қалыптаскан өмірге 
сай етіп өсіп-өндіру, ұрпақтар өмірін жалғастыру, оны әрі қарай дамыту болмақ. Міне, 
коғамның осы екінші жағын әлеуметтік сала дейміз. 
Әлеуметтік сала біркелкі емес: қоғам өмірінде әр түрлі әлеуметтік топтар өмір 
сүреді. Өйткені бұл дүниеде, - адамдарды айтпағанның өзінде, ешбір бір-біріне 
толығынан ұксас еш нәрсе жок, әрбір зат өмірге өз қайталанбас болмысымен келіп, 
уақыты озған кезде келмеске кетеді. Уақытында XVIII ғ. кейбір ағартушылар, содан 
кейін К.Маркс пен Ф.Энгельс алғашқы қауымдык қоғамдағы адамдардың теңдігіне 
тамсана қарап, жекеменшік дүниеге келгеннен кейін байлық пен кедейлік, әр түрлі 
таптар мен әлеуметтік топтарға бөліну басталғанын айтып кеткен болатын. 
Соңғылардың ойынша, болашак коммунистік коғам жер бетінде орнаған кезде, сол 
біркелкілік тағы да қайтып оралады, бірақ ағыл-тегіл байлықтың негізінде, өйткені 
барлық адамдардың қажеттіліктері толығынан өтеледі. Алайда мұндай пікір Дүниенің 
басты қасиетіне қайшы келеді: Ұлы Мэртебелі Табиғат біркелкілікті сүймейді, ол 
әртүрлілікті жаратады. Осы тұргыдан сонау алғашкы қауымдық қоғамға көз 
жіберсек, онда да әртүрлі топтардың болғанын байкаймыз. Онда, әрине, қоғам 
демографиялық-жыныстық принциптің негізінде топтанды: аңшылар, ошақ 
басындағы әйелдер, жастар, сол қауымды басқаратын аксакалдар т.с.с. Әрине, олардың 
әлеуметтік жағдайлары да соған сәйкес әртүрлі болды. Мысалы, әртүрлі тайпалар бір-
бірімен қарым-қатынасқа түсіп, бір-біріне оқтын-оқтын сыйлар тартты. Ал олар 
ақсақалдардың қолында қорланды т.с.с. 
Тарихи өндіргіш күштер дамып, жекеменшік пайда болып, мемлекет дүниеге 
келген кезде, қоғам өмірінде таптар мен әр түрлі әлеуметтік топтар пайда болады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   582   583   584   585   586   587   588   589   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет