Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет645/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   641   642   643   644   645   646   647   648   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
713 
адамдар сенеді, сондықтан онымен санаспауға болмайды. Теологиялық тұжырым 
ешқандай дәлелдеуді талап етпейді, тек қана осы мәселе жөніндегі діни құжаттарға 
толығынан сену қажет. Алайда бүгінгі таңдағы адамзаттың пілдей бөлігі оған сенбей, 
ғылыми деректерге сүйенген тұжырымдарды талап етеді. 
Екінші: мутациялық тұжырым осыдан 5 млн. жыл бұрын болған шынайы 
оқиғаға сүйенеді: ол Еуро-Азиялық құрылық пен Африканың бір-біріне соқтығысуы, 
соның нәтижесінде жердің жоғарғы қабатына радиоактивті заттар шығып, бүкіл 
тіршілікті өз сәулелерімен улап, тұқым куу механизмдеріне залалын тигізуі. 
Нәтижесінде, бізді тудырған адамға ұқсас маймылдар әлсіз, инстинктері сөнген 
ұрпақтарды дүниеге әкеле бастайды. Оларды, біріншіден, көп жылдар бойы тәрбиелеу 
керек болды, екіншіден, сөнген инстинктердің орнына олардың миы тез өсіп, сананың 
пайда болуына әкелді. Бір қарағанда, мұндай болжау қызықты және ғылыми 
деректерге негізделген сияқты. Алайда мутация үрдістерімен айналысып жүрген 
экологтар мен генетиктердің жеткен нәтижелері бұл тұжырымға теріс баға береді. 
Бүгінгі таңдағы зерттеулер бірде-бір радиациялық мутацияның оң нәтиже бермейтінін, 
ол тек организмнің кұлдырауына әкелетінін көрсетеді (Семей полигоны, Арал теңізі 
маңындағы экологиялық апаттың кұрбандары, олардың мутацияға түскен сәбилері осы 
ащы шындықты дәлелдейді).
Үшінші: Ғарыштық тұжырым адамды бізден де жоғары «ғарыштық зерде» 
жаратты деген дәлелдеуі жоқ қиял айтады. 
Енді ғылыми деректерге негізделген реалистік тұжырымды талдайық. Оған алғаш 
рет жол ашқан ағылшын ғалымы сэр Чарльз Спенсер Дарвин болды. Өзінің 
дүниежүзілік сапар шегуі барысында көне заманнан қалған адамға ұқсас 
маймылдардың суйек құрылысын зерттей келе, адамның маймылдан эволюциялық 
үрдістің нәтижесінде жаратылғаны жөнінде тұжырым айтты. Сол кездегі қоғамдық 
пікірге ол жарылған бомбадай болды. Дегенмен де бұл пікір бірте-бірте ғылымда өз 
орнын тауып, оны дамыған теориялық қағидаға айналдырған Ф.Энгельс болды. Ол 
адам мен қоғамның бір уақытта бір-бірімен байланысты түрде дүниеге келгенін 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   641   642   643   644   645   646   647   648   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет