Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет651/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   647   648   649   650   651   652   653   654   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
719 
сирек болса да кездесетін нәсілшілдік сол адамның надандығын, я болмаса ұлтшылдық 
пиғылын көрсетсе керек. 
Өткен ғасырдың басында Чезаре Ломброзо деген итальяндық психиатр, 
антрополог түрмедегі адамдардың дене кұрылысын зерттей келе, қылмысқа баратын 
адамдардың биологиялық табиғаты қазіргі адамның деңгейінен төмен болуымен 
байланысты,- деген пікір айтқан болатын. Мұндай көзқарас уақытында біршама 
заңгерлер, дәрігерлер мен психиатрлар арасында қызу айтыстарға әкеліп, 
ломброзиандық деген ағымды тудырды. Ч.Ломброзо мысал ретінде ондай адамдардың 
төменгі жақ сүйектері үлкен, маңдайы қысқа, қабақтары бір-бірімен косылып кеткен, 
көздері терен орналасқан, қолдары ұзын т.с.с. дейді. Ол мұндай дене құрылысы бар 
адамдар әлеуметтік ауытқуға әсіресе қылмыстыққа өте жақын деген пікір айтады. Бұдан 
кейін жүргізілген зерттеулер бұл пікірдің жалған екенін айқындады, өйткені 
қылмыстық - негізінен алғанда, әлеуметтік құбылыс. Дегенмен де кейбір адамдарға 
мұндай пікір осы уақытқа дейін өз әсерін тигізуде. 
Әлеуметтік дарвинизм бағыты да қоғам өмірін адамдардың өмір сүру үшін 
күресінен, табиғи таңдау, тұқым қуушылықтан көреді, яғни биологиялық эволюционизм 
заңдылықтарын қоғамға таңады. 
Социобиологияға келер болсақ, олар жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан 
жануарлардың да әлеуметтік қасиеттерінің бар екенін айтады. Мысалы, 
жануарлардың альтруистік инстинктері (баласын қорғап қалу жолында өз өмірін 
беруге дайындығы, оған деген қамқорлығы, үйір шеңберіндегі өзара көмек беру т.с.с.) 
Ч.Дарвиннің ашқан биологиялық эволюционизм принциптеріне қайшы келеді. 
Расында да, тек қана жеке организмнің қоршаған ортаға бейімделіп, өмірін сақтап 
қалуынан үйір шеңберіндегі өзара бірігіп іс-әрекет жасау туындамайды. Бұл пікірмен 
келісуге болады. Сондықтан олар эволюциялық үрдіс тиімді жүру үшін жеке 
организммен қатар үйір болып қоршаған ортаға бейімделу қажеттігін көрсетеді. Олай 
болса, олар әлеуметтіліктің алғашқы негіздері үйірдің шеңберінде пайда болатыны 
жөніндегі қорытындыға келеді. Мұндай көзқарас даму тұжырымына қайшы келмейді, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   647   648   649   650   651   652   653   654   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет