Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет657/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   653   654   655   656   657   658   659   660   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
725 
Адам өмірінің мән-мағынасы жөнінде арнайы еңбек жазып, құнды пікірлер айтқан 
XX ғ. өмір сүрген австриялық ұлы ойшыл В.Франкл болды. Ол бүгінгі адамның өмір 
ахуалына тоқтала келе, оның қиындығы жөнінде сыр шертеді. Бүгінгі адам 
жануарлар сияқты инстинктің, кешегі коғамдағы сияқты әдет-ғұрыптың талабына сай 
өмір сүре алмайды. Сондықтан ол басқалар сияқты болғысы келеді (конформизм), я 
болмаса басқалардың айтқанын істейді (тоталитаризм). Ол оның рухани дағдарыста 
екенін, өмірдің мән-мағынасын әлі таба алмағанын көрсетеді. Нәтижесінде, адам 
«экзистенциалдық вакуумға» (өмір сүрудегі мәнсіздікке) келіп тіреледі. Ондай адам 
әлеуметтік аномалияға (ауытқуға) ұшырауы мүмкін. Олар: нашақорлық, ішімдікке 
салыну, қылмыстыққа бару, құдай іздеу жолына түсу, өз-өзін өлтіру (суицид) т.с.с. 
Батыс қоғамында кең тараған жалған көзқарас ретінде В.Франкл өмір мәнін 
байлықтан іздеуді келтіреді. Мысалы, әке-шешесі өз баласына барлық жағдай 
жасап, не қалағанын алып береді де, оның алдындағы өз борышын орындағандай 
сезінеді. Ал ол баланың ішкі жан дүниесі қандай, ол кім болғысы келеді, нені 
қиялдайды т.с.с. -оған көңіл бөлуге олардың қолдары да тимейді. Ақырында, киімі 
көк, тамағы тоқ бала көзді ашып-жұмғанша ересектік сатыға келеді. Балалық 
қиялдарынын бәрі артта, ерекше тұлғалық дәрежеге көтерілген жоқ, өмірден өз орнын 
таба алмай қалды. Не істеу керек? Бұл сұраққа ол жауап бере алмайды. Бұл қиын ахуал 
кездейсоқ біреудің нашаны ұсынуымен аяқталады. Ол оны қабылдап, өз армандарын 
орындаған сияқты тәтті сезімге бөленді. 
Ішімдікке келер болсақ, ол - аз уақыт болса да «ащы шындықтан қашуға» тең 
нәрсе. Мұндай сараптауды жалғастыра беруге болар еді. Оқырман оны жақсы түсінді 
ғой деп ойлаймыз. 
Әңгіменің қиындығы - өмірдің мән-мағынасын тудыру, жасауға болмайды, оны 
тұлға өзі іздеп тауып апуы керек. Бұл Дүниеде өмірге келген әр адамның өз орны бар, 
сондықтан әр адам өмірінің мән-мағынасы өзгеше. В.Франклдің айтуынша, бұл 
өмірде әр адамға өзіне керек іс тауып, қайсыбір ахуалдың шеңберінде өмірлік мән-
мағынаны ашуға болады. Біреу өмірінің мән-мағынасын балаларын жеткізуден, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   653   654   655   656   657   658   659   660   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет