Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет68/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   692
Нуржігіт Алтынбеков 
76 
кездейсоқтықтың негізінде адамның тағдырын күрт өзгертіп жіберуі мүмкін. Адамның 
ақыл-ойы мен сезімінде шабыт тудыратын құдайлар - Музалар. Эрато — махаббат пен 
поэзияның, Клио тарихтың, Мельпмена - трагедияның, Терпсихора - бидің, Талия - 
комедияның, Урания - астрономияның музалары. 
Оқырманның байқағанындай, бұлардың бәрі қазіргі 
Мәдениет, білім салаларында осы уақытқа шейін айтылатын кейіпкерлер. 
Гректердің «Жеті даналары» 
Грек философиясының пайда болып калыптасуына өзінің тікелей әсерін тигізген 
— олардың «Жеті даналары». Олар б.з.д. 7-ғ. өмір сүрсе керек, аттары — Фалес, 
Клеобул, Питтак, Биант, Солон, Хилон, Анахарсис. Соңғы кісінің шыкқан тегі - қазақ 
жері болса керек. Білім іздеп сонау Грецияға барып, Солон патшаның кеңесшісі 
болыпты-мыс деген аңыз бар. «Сіз қалай ойлайсыз, жер бетінде өлі көп пе, тірі көп 
пе деген сұраққа ол кісі сұрақпен жауап қайтарған екен: «Түбінің қалыңдығы 3 елі 
тақтайдан жасалған қайықтағы теңіздің толқынында жүзген адамдар өлі ме, әлде тірі 
ме?» Осы жауаптан Анахарсистің XX ғ. пайда болған әкзистенционализм 
философиясының негізгі қағидаларының бірі - адам өмірінің нәзіктігі, ол тек 
«шекаралық», яғни өмірмен өлімнің екі ортасында қалған жағдайда өзінің өмірінің 
мән-мағынасын ашатыны жайлы шындықты болжай білгенін байқаймыз. 
Гректің «жеті даналары» үлкен философиялық туындылар қалдырмаған, олар 
кітап жазбаған. Бірақ олардың Дүние, адам, таным мәселелеріне арналған біршама 
нақыл сөздері қалған. Кейбіреулерімен таныстырайық. 
Клеобул: «Өлшем - ең жақсы», «Әкеңді сыйла», «Көбірек тыңда, азырақ сөйле», 
«Ләззатты ауыздықта», «Әйелді теңіңнен ал» т.с.с. деп айтқан екен. 
Солон патшадан мынандай нақыл сөздер қалыпты: «Зардап тудыратын 
ләззаттардан аулақ бол», «Әке-шешеңнің пікірлері әрқашанда дұрыс» (бұған күмән 
келтіруге, әрине, болады. - С.М.), «Елді басқару үшін, ең алдымен кенуді үйрен», 
«Көрмегенді айтпа, білмесең - үндеме». «Ұлы істермен бәріне жақсы болу қиын». 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет