Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет681/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   677   678   679   680   681   682   683   684   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
750 
әсіресе - адамгершілік. Тек сонда ғана қорланған мәселелерді шешуге болады деген 
пікірге келеді. Орыстың ұлы ғалымы Н.Моисеев: «XX ғ. адамзатқа ескерту жасады. 
Егер XXI ғ. ол оған мойын сұқпаса, кұрып кетуі мүмкін», - деген ой тастайды. 
Әрине, бүгінгі таңдағы ұлы ғалымдар алаңдауының терең себептері бар. 
Уақытында ағылшын ойшылы лорд Честертон айтқандай, байлық адамды аздырады. 
Өкінішке қарай, материалдық байлықтың өсуі, көп жағдайда соншалықты рухани 
өрлеуге әкелмейді. Керісінше, рухани құлдырау байқалады. Оны бүгінгі таңдағы өз 
өмірімізден-ақ көріп жатырмыз. Бұл қайшылықты жою адамзаттың қолынан келер ме 
екен? Болашақ өмір оны көрсетер деген ойдамыз. 
§ 3. Дүниежүзілік қауымдастық шеңберіндегі тәуелсіз Қазақстан 
(қорытынды есебінде) 
Адамзат тарихы көрсеткендей, қайсыбір империя ертелі-кеш ыдырайды. XX ғ. 80 
жж. бастап, Жер бетіндегі соңғының бірі болып Совет Одағы да үлкен дағдарысқа 
түсіп, соның нәтижесінде 90 жж. басында тәуелсіз жаңа мемлекеттер пайда болды. 
Тарихта бірінші рет бабаларымыздан қалған алып территорияда қазақ халқының 
басы бірігіп, әртүрлі жағдайлармен келген басқа ұлт өкілдерімен қосыла, өз 
мемлекеттігінің негізін қалай бастады. 
Жас мемлекеттің алдында, негізінен, үш үлкен іс жатыр еді. Біріншіден, тұтастай 
(тотальды) мемлекеттік меншікке өткен ұлт байлығын жекешелендіру (приватизация) 
арқылы нарықтық экономиканы орнату, екіншіден, саяси міндеттерді бүгінгі таңдағы 
талаптарға сай етіп өзгерту (көппартиялық, құқтық мемлекет т.с.с.), үшіншіден, 
халықтың тілі мен дінін, рухани өмірін қалпына келтіріп, қайта жаңғырту болатын. 
Осы талаптарға сай біздің елде болған көп өзгерістерді философиялық тұрғыдан 
сараптағанбыз (қараңыз: 16-22, 32-35-6.6.). 
Бұл тарауда, сондықтан бір-ақ нәрсеге көңіл бөлгіміз келеді. Ол - адамзаттың 
рухани дағдарысқа түсуі. Қазақ елінің жас мемлекеттігі осы дағдарыс шеңберінде 
қалыптасып жатыр. Расында да, Жаңа дәуір адамзатқа екі ғажап идея ұсынған 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   677   678   679   680   681   682   683   684   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет