Нуржігіт Алтынбеков 9
алғанда сенімді екіге бөлуге болады. Олардың бірі -ғылыми сенімдік. Оған қазіргі
адамдардың ғылым мен техниканың жетістіктеріне, олардың болашақта адамзат өмірін
түбегейлі өзгертетіне сену. Оны философияда сциентизм ия болмаса технократизм дейді (scientiа - латын сөзі, білім, ғылым, teсhnе - грек сөзі, өнер, жасай білу,
шеберлік, сrаtоs - грек сөзі, билік).
Сенімнің екінші түріне адамзаттың күнделікті тәжірибесінен, я болмаса ғылыми
деректерден шықпайтын, тіпті оған қайшы келетін қиялдарға нандыру және
соларды адамның өз-өзіне нандыруы жатады. Міне, осы соңғы сенімдік түрі
қайсыбір діннің негізін құрайды.
Діннің негізінде Құдайдың өз еркімен адамдарға пайғамбарлар арқылы берген
белгілі бір тұжырымдары жатады. Олар адамдардың іс-әрекетін, жүріс-тұрысын, ойлау
өрісін анықтайтын абсолютті қағидалар (absolutus- латын сөзі, шектелмеген, сөзсіз).
Мұндай қағидалардың жиынтығы діни көне құжаттарды құрайды. Оларға
Құран, тәурат, Талмуд, Інжіл т.с.с. киелі кітаптарды жатқызуға болады. Бұл
кітаптарда Құдайдың құдіретті күшін көрсететін неше түрлі табиғат заңдылықтарына
бағынбайтын, оларды бұза алатын ғажайып оқиғалар жазылған. Солардың ішіндегі ең
ғажабы - адамның рухының, жан дүниесінің өлместігі.
Құдайдың құдіретті күшін мойындай отырып, қайсыбір дін берген өмір сүру
нормаларын әрқашанда коғамдағы адамдардың толық орындамай, бұзып отыратынын
көрсетеді. Діннің заңдарын бұзған адам күнәға батады, бірақ ол өзінің ізгі істерімен
болашақта Құдайдың кешіріміне жете алады.
Діни сенімнің қайнар көзі - адамның дүниені сезімдік-құндылық тұрғыдан
игеруінде, ал Дүниеге деген ақыл-ой, парасат арқылы келген көзқарастарға дін қарсы
келеді.
Ғасырлар бойы жиналып келе жатқан ғылыми деректер жағалай ортадағы білім
мен ақыл-ойдың негізіндегі жасалған күрделі өзгерістер діннің өрісін тарылтып, оның
ғылымға жақын түрлерін тудырады. Негізінен, біз оларды пантеизм және деизм
дейміз(pan-грек сөзі, бәрі, theos- құдай,deus- латын сөзі, құдай).